Меню

Страницы

Статья

Көңілді демалыс

Шахтинск қаласының оқушылары қысқы каникулдарды көңілді және ұмытылмас өткізді, ата–аналарымен бірге өз қолдарымен жаңа жылдық ашық хаттар, қолдан жасалған бұйымдар, кәдесыйлар мен суреттер жасау бойынша балалар мастер-кластарына белсенді қатысты. Сондай-ақ, бейнеқұттықтаулар, балалардың сөйлеген сөздерін әлеуметтік желілерде тарату дайындалды, фотоколлаждар фестивалі, «Қысқы қиял» шығармашылық жұмыстардың конкурс-көрмесі, «Жаңа жыл символы» постерлер конкурсы, отбасымен конькимен, шаңғымен, шанамен дәстүрлі сырғанау, таза ауада ойындар, қардан жасалған «Көңілді аққала» отбасылық байқауы және басқа да ойын-сауық іс-шаралары өткізілді. Мектептерде игі істер челленджі, «Біздің кішкентай бауырларымызға жаңа жылдық сыйлық», «Үйсіз жануарларды тамақтандырыңыз», «Қыста құстарды қоректендіріңіз» қайырымдылық акциялары өтті.
Сынып жетекшілерімен Қарағанды, Шахтинск қалаларына театрларға, кинотеатрларға, мұражайларға шығу, цирк қойылымы, мұз айдындары, орманда серуендеу ұйымдастырылды. Отбасылық оқуға ерекше назар аударылды, балалар өздерінің сүйікті шығармаларына тағы бір рет еніп қана қоймай, сүйікті шығармаларына иллюстрациялар көрмесіне қатысты. Сондай-ақ №4 ЖББМ 9 сынып оқушылары үшін Шахтинск технологиялық колледжіне түрлі мамандықтар бойынша кәсіптік сынақтар өткізілді.
Қысқы демалыс кезінде қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында барлық мектептерде «Қысқы демалыстағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушыларға үйдегі және көшедегі қауіпсіздік ережелері, жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері және т.б. демалыс күндерін өзінің және өзгенің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмей, өткізуге көмектесетінін еске салды.

Дата публикации
23 января 2022
Дата обновления
23 января 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 апреля 2026
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс
Мақалалар
25 февраля 2026
Кадрлық аштық па, әлде мүмкіндіктер уақыты ма?
Талдамалық мақала
31 декабря 2024
Жыл қорытындысы!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы