Меню

Страницы

Статья

Білім беру саласындағы жас мамандар

Білім беру саласындағы жас мамандар

Жас мамандардың өз әлеуетін іске асыруы үшін білім беру саласында қолайлы жағдай жасау мұғалімнің мәртебесін арттыруға, сондай-ақ бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие педагог қызметкерлер болуға ықпал етеді. Жас, сондай-ақ тәжірибелі педагогке қатысты құқықтарды, әлеуметтік кепілдіктер мен шектеулерді, міндеттер мен жауапкершілікті айқындайтын негізгі құжаттардың бірі «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы болып табылады.
Қазіргі уақытта педагог мәртебесі туралы Заңды іске асыру және орындау шеңберінде жасалған жағдайлар жас мамандарға өзінің кәсіби өсуін арттыруға, кәсіби дағдылары мен білімін дамытуға және жетілдіруге, өз кезегінде оларды инновациялар, жаңа IT-технологиялар арқылы тәрбиеленушілер мен оқушыларға беруге мүмкіндік береді.
Жасыратыны жоқ, жастар-бүгінгі прогрестің қозғаушы күші. Айта кету керек, қазіргі уақытта педагогикалық сияқты қызмет саласы педагогикалық қызметтегі процестерді жақсарту бойынша өз ойлары мен идеяларын батыл және нақты жеткізе алатын кадрлармен жасару процесіне ұшырайды.
2021-2022 жылдың басында Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарына 22 жас маман қабылданды (жалпы орта білім беретін ұйымдарына – 14, мектепке дейінгі ұйымдарға – 6, қосымша білім беру ұйымдарына – 2). Кәсіби қызметке алғаш кіріскен әрбір жас маманға тәлімгер-педагог бекітіледі. Тәлімгерлер педагогикалық қызметте тәжірибесі, оқытылатын пән бойынша оқушылардың білім сапасының жоғары нәтижелері, сондай-ақ «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар педагогтер қатарынан айқындалады. Тәлімгерлік бойынша іс-шараларды орындау шеңберінде бүкіл оқу жылы ішінде тәлімгер тарапынан жас маманды кәсіби дамыту және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Жас кадрлардың білікті әлеуетін жақсарту, оларды қолдау және қаржылық ынталандыру арқылы мұғалім мамандығы алдағы жылдары қоғам алдында беделді, стратегиялық маңызды және барлық уақытта сұранысқа ие болады.

ҚО ББ "Шахтинск қаласының білім бөлімі " ММ басшысы Н.Онсович

Дата публикации
16 сентября 2021
Дата обновления
16 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 апреля 2026
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс
Мақалалар
25 февраля 2026
Кадрлық аштық па, әлде мүмкіндіктер уақыты ма?
Талдамалық мақала
31 декабря 2024
Жыл қорытындысы!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы