Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы қоғамға бағытталған бағдарламалық құжаттардың ішінде жыл сайын ерекше орын алады. Әрқайсысында-экономикалық және әлеуметтік аспектілерге негізделген ел дамуының нақты перспективасы бар. Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты талдау жасап, халқымыздың және қоғамымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті жаңа міндеттерді атап өтті.
Бізге, білім беру саласының қызметкерлеріне, білім сапасын арттыру бойынша педагогтер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін білім беру саласындағы аспектілер аса маңызды болып табылады.
Мемлекет басшысы оқушылардың қабілеттерін анықтау негізінде кәсіби бағдар беру саясатына көшу міндетін қойды.
Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру оқу-тәрбие жұмысының құрылымындағы бағыттардың бірі болып табылады. Әр мектепте кәсіптік бағдар беру бойынша кеңес жұмыс істейді, жыл сайын Кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс жоспарлары бекітіледі, оқушылардың кәсіби диагностикасы, әртүрлі кәсіптік бағдарлау, сыныптан тыс іс-шаралар мен сынып сағаттары, семинарлар, тренингтер, конкурстар өткізіледі. Кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту үшін 2021 жылдың күзінде Оқушылар сарайының базасында «Кәсіби құзыреттер және мансаптық өсу орталығын» ашу жоспарлануда.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасау тағы бір маңызды бағыт болып белгіленді.
Шахтинск қаласында барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру іске асырылуда, кедергісіз орта құрылды, инклюзивті сыныптар мен инклюзивті топтар жұмыс істейді. Ағымдағы жылы Шахтинск қаласының үш жалпы білім беретін мектебі базасында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері ашылады.
Ел Президентінің тапсырмаларының бірі балалар үшін спорт инфрақұрылымының барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Шахтинск қаласында 2020 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңмен дамыту, қала мектептерін спорттық мүкәммалмен толық жарақтандыру жоспарланған. Ағымдағы жылы №5 Гимназия мен №6 жалпы білім беретін мектептің спорт алаңдарына күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгінгі күні 4 спорт залы (№7 ЖББМ, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі, № 5 мектеп-гимназиясы). 2022 жылы тағы бес спорт залын жөндеу жоспарланған (№1 мектеп-гимназия, № 4,6,11,2 ЖББМ).
Мемлекет басшысы Үкіметке аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Шахтинск қаласында Оқушылар сарайының базасында олимпиадалық резерв мектебі жұмыс істейді, барлық жалпы білім беретін мектептерде дарынды балалар базасы қалыптастырылған. Педагогтер оқу жылы бойы балаларды олимпиадаларға қатысуға белсенді дайындайды және олардың үздіктері халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары болады. Сондай-ақ, қаланың жалпы білім беретін мектептері Қарағанды облысының «Сарыарқа дарыны» балаларға арналған қосымша білім беру өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен белсенді ынтымақтасады.
Мемлекет басшысы білім беру саласындағы негізгі проблема - ауылдағы білікті педагог кадрлардың тапшылығы екенін атап өтті.
Бұл мәселе біздің қала үшін де өзекті. 2021-2022 оқу жылының басында жалпы орта білім беру ұйымдарындағы педагогтар саны 654 адамды құрады. Бүгінгі таңда 40 бос жұмыс орны бар, бұл 6% - ды құрайды. Сонымен қатар, кадрлармен қамтамасыз ету көрсеткіші педагогтердің жалпы санының 94% - ын құрайды. Жазғы кезеңде жүргізілген жұмыстардың арқасында 37 жаңа педагог қабылданды.
Сондай - ақ білім беруге байланысты тағы бір проблема белгіленді-бұл қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлердегі қолданыстағы басқару жүйесінің тиімсіздігі.
Бүгінгі күні Шахтинск қаласының толық жиынтықталған жалпы білім беретін мектептері жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесіне кірді.
Келесі жылдан бастап педагогтардың жалақысын 25% - ға арттыру және қазіргі таңда педагогтерге бөлінетін мемлекеттің айрықша назары білім сапасына оң әсер ететініне сенімдімін.
Мен өз сөзімді ұлы ғалым, философ әл-Фарабидің «Білімді болу сөзінің мағынасы-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу дегенді білдіреді»).
ҚО ББ "Шахтинск қал асының білім бөлімі" ММ басшысы Н.Онсович