Меню

Страницы

Статья

Мектеп формасының маңыздылығы

Мектеп формасының маңыздылығы

Мектеп формасын кию сыртқы келбетке деген талапшылдықты, мінез - құлықтың белгілі бір үлгісін қалыптастырады және қарым - қатынасқа сенімділік береді. Жаңа талаптар әлеуметтік теңсіздікті толықтай жояды, мемлекеттің зайырлы бағытқа ұмтылуына баса назар аударады, сонымен қатар балаларды тәртіпті етеді.
Барлық жалпы білім беретін мектептерінде міндетті талаптардың бірі бірыңғай мектеп формасын кию болып табылады. ҚР білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы және білім беру ұйымының Жарғысы бойынша мектеп формасын кию туралы шешім қабылданады. Қорғаншылық кеңестің келісімі бойынша мектеп директорының бұйрығымен оны кию тәртібі бекітіледі.
Білім берудің зайырлы сипаты үш түстен аспайтын араластыруға рұқсат етілген бірыңғай көк түсте жасалған классикалық стильдегі мектеп формасын қарастырады. Түстер жарқын реңктермен емес, тыныштықпен таңдалады. Шахтинск қаласында 12 жалпы білім беретін мектебі өз қызметін жүзеге асырады. Мектеп формасының түсі қою көк (шалбар, юбка, сарафан, көйлектің түсі көк, көгілдір, ақ).
Мектеп формасына қатысты толық ақпаратты Шахтинск қадасының білім бөлімінің сайтынан қарауға болады.

ҚО ББ «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Н.Онсович

Дата публикации
02 сентября 2021
Дата обновления
02 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 апреля 2026
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс
Мақалалар
25 февраля 2026
Кадрлық аштық па, әлде мүмкіндіктер уақыты ма?
Талдамалық мақала
31 декабря 2024
Жыл қорытындысы!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы