Заманауи жағдайда кәсіптік бағдар беру.
Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру тәрбие жұмысының құрылымындағы бағыттардың бірі болып табылады және білім беру процесінің барлық қатысушыларының кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқушылар және ата - аналармен кәсіптік бағдар беру бойынша ұйымдастырушылық - әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуге жағдай жасау мақсатында әр мектепте кәсіптік бағдар беру бойынша кеңес, кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарлары жыл сайын бекітіледі, әр түрлі әдістер мен сауалнамалар көмегімен кәсіби бағдарлау жүргізіледі. Оқушылардың қабілеттері мен іскерлік қасиеттерін ұтымды бағалау, оның жеке білім беру және кәсіптік бағдарын жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу, сонымен қатар әр түрлі кәсіптік бағдар беру мақсатында сабақтан тыс жұмыстар мен сынып сағаттары, семинарлар, тренингтер, жарыстар жүргізіледі.
2020-2021 оқу жылында санитарлық-эпидемиологиялық және алдын алу шаралардың күшеюіне байланысты облыстың және Қазақстан Республикасының ТжКБ ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен негізгі кәсіби бағдарлау жұмысы онлайн режимінде жүргізілді. Оқушылар онлайн түрде Ашық есік күндеріне, оқу орындарына экскурсияларға қатысты, кәсіби бағдар берудің әр түрлі онлайн конкурстары мен байқауларына қатысып, жеңімпаз атанды, ұйымдастырылған онлайн кездесулерге қатысып, оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен танысты және қабылдау мәселелері бойынша кеңес алды. 2021 жылдың көктемінде «Профориентационно – хэдхантинговой экосистемы» экожүйесі аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары үшін «Кәсіби бағдарлау сағаты» вебинарлары өткізілді. «Mycollege.kz» техникалық және кәсіптік білім беру порталының жұмысымен танысты. Мұның бәрі оларға болашақ оқулары мен мамандықтарының келешегін бағалауға, сондай - ақ таңдауды саналы ғана емес, объективті етуге көмектесті. 2021 жылдың күзінде кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту, түлектерді кәсіптік бағдарлау мен тиімді жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасауға байланысты бағыттар кешенінде іс - шараларды ұйымдастыру мақсатында Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» КМҚК базасында кәсіби құзыреттіліктері мен мансаптық өсу орталығын ашу жоспарлануда.
Бұл орталықта кәсіптік бағдар беру бойынша кеңес беру жұмыстарын қамтамасыз ету, еңбек нарығының жай - күйі туралы ақпараттандыру және қала мен облыстың жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарына қабылдау, сондай - ақ бастауыш, орта, жоғары мектеп ұйымдарымен қосымша және кәсіптік білім беру мекемелерімен, қаланың, облыстың кәсіпорындарымен өзара байланысты орнату және әлеуметтік серіктестікті дамыту жоспарлануда.
Экономика сұранысына орай оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмыстары Шахтинск қаласының барлық мектептерінде тұрақты негізде жүргізіледі.
ҚО ББ «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Н.Онсович