Меню

Страницы

Статья

Сағаттардағы өзгертулер туралы

2019 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына қол қойды. Заңның қабылдануы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында жүзеге асырылды. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы 21 баптан тұрады, олар педагогтердің кәсіби қызметін жүзеге асыруы үшін ерекше жағдай жасайды, олардың бірі 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беру ұйымдары үшін нормативтік оқу жүктемесін сағат 18-ден 16-ға төмендету жөніндегі норма бекітіледі, сондай-ақ оқу бағдарламасы да қысқартылады, тиісінше педагогтің қосымша сабақтарға, өз бетінше білім алуға және т. б. уақыты болады.
Қазіргі уақытта өңірдің жалпы орта білім беру ведомстволық бағынысты ұйымдары бекітілген түзетулер мен өзгерістерді ескере отырып, 2021 жылғы 1 қыркүйекке штат кестесі мен тарифтеу тізімдерін жасау бойынша жұмыс жүргізуде.

ҚО ББ "Шахтинск қаласының білім бөлімі" ММ басшысы Н.Онсович

Дата публикации
25 августа 2021
Дата обновления
25 августа 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 апреля 2026
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс
Мақалалар
25 февраля 2026
Кадрлық аштық па, әлде мүмкіндіктер уақыты ма?
Талдамалық мақала
31 декабря 2024
Жыл қорытындысы!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы