Меню

Страницы

Статья

Дене шынықтыру және спорт мұғалімдеріне жаңа қосымша ақы енгізудің артықшылықтары

Дене шынықтыру және спорт мұғалімдеріне жаңа қосымша ақы енгізудің артықшылықтары

Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚР Білім және ғылым Министрлігі дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс сабақтар үшін жаңа қосымша ақы белгіледі. Бұл жаңалықтың негізгі мақсаты - бұқаралық спортты дамыту, балаларға салауатты өмір салты мәдениетін үйрету, бұл шара балаларға мектептегі спорт секцияларында айналысуға мүмкіндік береді.
Шахтинск өңірінің жалпы білім беретін мектептерінде балалар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуды өңірдің жалпы білім беретін 12 мектебінде 38 дене шынықтыру оқытушысы жүзеге асырады. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап 1 БЛЖ-ға 32 дене шынықтыру педагогы қосымша ақы алатын болады. Осыған байланысты дене шынықтыру және спорт оқытушыларына 1 БЛЖ төлемін енгізу есебінен 1120 баланы қамтитын 64 секция ашу жоспарланған.
Дене шынықтырудың әрбір оқытушысы міндетті дене шынықтыру сабақтарынан басқа аптасына 3 сағат қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын өткізетін болады, оның ішінде 2 сағат - бұқаралық спортты дамытуға бағытталған спорттық секциялар (баскетбол, волейбол, гандбол, футбол және т.б.) және 1 сағат - зияткерлік қабілеттерді дамытуға бағытталған спорттық секциялар (дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ және т. б.).

ҚО ББ "Шахтинск қаласының білім бөлімі " ММ басшысы Н.Онсович

Дата публикации
13 августа 2021
Дата обновления
13 августа 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 апреля 2026
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс
Мақалалар
25 февраля 2026
Кадрлық аштық па, әлде мүмкіндіктер уақыты ма?
Талдамалық мақала
31 декабря 2024
Жыл қорытындысы!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы