Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігі туралы
«2021-2024 жылдарға арналған білім беру ұйымдарында білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын» іске асыру бойынша Шахтинск аймағында іс-шараларды ұйымдастыру келесі бес бағыт бойынша құрылады:
1.ҚР ІІМ және БҒМ 2019 жылғы 23 қаңтардағы №49,32 бұйрығының талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын бейнебақылаумен қамтамасыз ету; 2.Мамандандырылған жеке күзет;3.Дабыл түймесі;
4.Турникеттер, металліздегіштер;
Шахтинск аймағының білім беру ұйымдары бейнекамералармен 100% қамтамасыз етілген. Барлығы 709 камера орнатылған. Өңір мектептерінде 407 камера, МДҰ-да 201 камера, қосымша білім беру ұйымдарында 101 камера орнатылған. 2021 жылғы 25 тамыздан бастап Шахтинск аймағындағы мектептерге мамандандырылған күзет енгізіледі. Нысандарды күзетуге мектептермен «Қыпшақ сарбазы – А» ЖШС және «Саланг Қызыл Жар» ЖШС шарттар жасалды.
Барлық мектептер турникеттермен жабдықталған, сондай-ақ, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда балалар мен қызметкерлерді уақтылы хабардар ету үшін 12 мектепте дауыстық хабарландыру, дабыл түймесі орнатылған. Олар AӨЖ жүйесі (автоматты өрт жүйесі) арқылы орнатылады. Күзет ұйымдарының пультіне шығарылған дабыл түймелерін орнату облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
ҚО ББ "Шахтинск қаласының білім бөлімі " ММ басшысы Н.Онсович