Балалар мен жасөспірімдер орталығының жұмысындағы жаңа бағыттар
Жаңа 2021-2022 оқу жылында балалар мен жасөспірімдер орталығының жұмысы тек оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруға ғана емес, сондай-ақ білім беру қызметінің жаңа өзекті бағыттарын енгізуге бағытталатын болады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бойынша үйірмелер ашу жоспарлануда.
Жаңа бағыттардың ашылуы балалардың көп санын сабақтан тыс уақытта әртүрлі бағыттарда балалардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған қосымша білім беру қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен қосымша 132 бала қамтылатын болады.