Меню

Страницы

Статья

Музей ісінің жаңғыруы

Музей ісінің жаңғыруы.
"Рухани Жаңғыру" кіші бағдарламасын орындау мақсатында түрлі бағыттар бойынша мектеп мұражайларын ашу бойынша кешенді жоспар құрылды. Мектеп мұражайларының ашылуы мұражай сабақтарын, мұражайларға виртуалды саяхаттарды, конференцияларды, жобалар конкурстарын, Ерлік сабақтарын, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулерді, сондай-ақ еліміздің мерейтойлары мен маңызды саяси оқиғаларына орай ұйымдастырылған Ашық есік күндерін өткізуге мүмкіндік берді. ҚР Тәуелсіздік күніне орай № 9 ЖББМ «Аманат» музейі ашылды. Негізгі мақсаттары: Мұражай жәдігерлері арқылы оқушыларды және музей қонақтарынын ұлттың тарихын тануға тарту, отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, тұрмыс тіршілікте қолданатын сәндік қол өнері мәдениетіне деген қызығушылығын дамыту.
№12 ЖББМ мектеп мұражайы «Қазақ хандығы» деп аталды. Мақсаты – қазақ хандығы жайлы тарихи - ғылыми деректерді, көне заман ескерткіштерін, олардың үлгі нұсқаларын, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарымен мұраларды зерттеп жинақтаушы, сақтаушы, әрі бұл мұраларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізе отырып, солардың негізінде жастарға жалпы қоғам мүшелеріне тәлім – тәрбие беру. № 3 ЖББМ "Ұлы тәлімгерлер-Шахтинск қаласының тәжірибелі мұғалімдері" атты мектеп мұражайы салтанатты түрде ашылды».Мұражай оқушылардың азаматтық - патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, көкжиегін кеңейтуге, ең бастысы мұғалім мамандығының беделін арттыруға бағытталған. № 6 ЖББМ "Ауған жолдарымен еске алу" мектеп мұражайының салтанатты ашылуы өтті. Мұражай жерлестеріміздің Ауғанстан жерінде жасаған ұлы ерлігіне арналған. Мұражай экспозициясында құжаттар, әскери операциялар карталары, фотоматериалдар, жеке заттар мен кітаптар, ауған ардагерлері сыйға тартқан соғыс заттары, кеңес солдаты мен ауған жасағы жауынгерінің киім-кешектерінің үлгілері сақталған. Мұражайда қаламыздың қаза тапқан жауынгерлеріне арналған материалдар орналастырылған стенд ерекше орын алады. № 8 ЖББМ "Геолог жолы" мектеп мұражайы ашылды.Қазақстан пайдалы қазбаларға бай және геология тақырыбы бүгінгі күні өзекті. 7 ЖББМ патриоттық және шахтерлердің жұмысына құрметпен қарау мақсатында "Шахтерлер даңқы" атты мұражайы ашылды. 12 мектептің барлығында мұражай бар.

Дата публикации
13 апреля 2021
Дата обновления
13 апреля 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
29 апреля 2026
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс
Мақалалар
25 февраля 2026
Кадрлық аштық па, әлде мүмкіндіктер уақыты ма?
Талдамалық мақала
31 декабря 2024
Жыл қорытындысы!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы