Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына сәйкес 2021 жылдың 5 сәуірінде Қарағанды облысы білім беру басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ-де комиссия конкурстың барлық кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстың қорытынды кезеңін өткізді.
Бос лауазымға орналасуға үміткерлер:
– Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының м.а.;
– Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «АК 159/7 түзету мекемесі қарамағындағы № 10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің м.а.
Конкурстың қорытынды кезеңін өткізу барысында комиссия Қазақстан Республикасының білім беру, кадрлық менеджмент және қызметтік әдеп саласындағы заңнамасына үміткердің теориялық білім деңгейін анықтады, сондай-ақ үміткердің педагогикалық жетістіктерге, кәсіби және жеке қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне, білім беру ұйымы басшысының лауазымындағы перспективалық қызметіне қатысты ақпараты нақтыланды.
Конкурстың барлық кезеңдерін өткізу қорытындысы бойынша конкурстық комиссия үміткерлердің ұсынылған құжаттарын, әңгімелесу нәтижелерін қарап, үміткерлерді бекіту туралы шешімді бірауыздан қабылдады:
– Любовь Владимировна Величкина Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры лауазымына;
– Рустам Сайрамович Аршкенов Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «АК 159/7 түзету мекемесі қарамағындағы № 10 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры лауазымына тағайындалды.