Ақпараттық хат!
- жылының төртінші тоқсанынан бастап:
- № 8 және № 12 жалпы білім беретін мектептері сыныпта 25 баладан аспайтын балалар санымен дәстүрлі форматта оқиды, яғни Шахтинск қаласында орналасқан қауіпті аймаққа қарамастан контингенті 300 оқушыға дейін мектептер;
- Егер Шахтинск қаласы төмен және орташа қауіпті аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасса, 6,7,8,10 сыныптарды қоса алғанда, 25 баладан аспайтын 1-ден 11-ге дейінгі барлық сыныптарда оқыту аралас форматта өтеді (мектептегі пәндердің 70% дәстүрлі, 30% қашықтықтан);
- Егер Шахтинск қаласы жоғары қауіпті аймақта (қызыл аймақта) болса, 1-5, 9 және 11 сыныптарда білім беру үшінші тоқсандағыдай бұрыңғыдай біріктірілген форматта жалғасады. 6,7,8,10 сынып оқушыларын «қызыл аймақта» оқыту тек қашықтықтан ұйымдастырылады.
- Шахтинск қаласы «жасыл» немесе «сары аймақтарда» болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны 25 балаға дейін өсетін болады;
- Карантиндік іс-шараларды жеңілдету «қызылдан» «сары» аймаққа емесе «сарыдан» «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күн ішінде кешіктірілмей жүргізіледі.
2021 жылдың 26 наурыз жағдайы бойынша Шахтинск қаласы «қызыл аймақта» орналасқанын назарға алып, 6,7,8,10 сынып оқушыларының дәстүрлі форматта оқуы кейінгі қалдырылды және біздің қаламыз «сары аймаққа» көшкеннен кейін 7 күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
COVID19 індетін ескере отырып, Қарағанды облысының белгілі бір аймағын анықтау туралы жаңартылған ақпаратты Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық дәрігері 2021 жылы 29 наурызда ұсынады. Жоғарыда баяндалған негізінде 2021 жылдың 30 наурызы білім бөлімінің телеграмм каналында қосымша ақпарат жарияланатын болады. Мектеп формасын кию, сабаққа кең және ұқыпты киіммен, классикалық стильде баруға рұқсат етіледі.
ҚО ББ «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ басшысы
Н.Онсович