Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы нысаналы топтар балалардың ең «осал топтары» болып табылады.
Балалардың барлық осы санаттары ерекше қорғауды және қамқорлықты қажет етеді. Осыған байланысты, Шахтинск өңірінің барлық мемлекеттік органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі кәмелетке толмағандардың құқықтарын іске асыру бойынша, олардың толыққанды өсуі мен дамуы үшін олардың өмірінің ең маңызды бағыттары бойынша тиісті шаралар қабылдау болып табылады. Бұл бағыттар аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге, жаппай оқыту қорының қаражатын ұлғайтуға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй бөлуге, психологиялық-әлеуметтік қызметтердің толыққанды жұмыс істеуіне, білім беру қызметтері мен денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді ұсыну сапасын жақсартуға және т.б. қатысты.
Қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының 224-тен 93-ке дейін төмендеуінің ұзақ динамикасы байқалады. Бүгінгі күні қорғаншылықта және қамқоршылықта – 74, оның ішінде жетімдер – 32, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 42, патронаттық тәрбиеге берілгені – 19 , оның ішінде жетімдер – 1, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 18, өткен 2020 жылы қорғаншылыққа және қамқоршылыққа – 2, патронаттық тәрбиеге – 10, балалар мемлекеттік мекемесіне – 6 берілді.
Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ата - ана құқығынан айыру және шектеу, алимент өндіріп алу үшін 13 ата-анаға қатысты 9 талап арыз жолданды. Сот шешімімен 7/6 – ата-ана құқығынан айырылды, 4/8 – ата - ана құқықтары шектелді, 2/1 – талап қоюдан бас тартылды.
Сондай-ақ, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрғанын, 1 кәмелетке толмаған балаға (А.А. Вишня, 2010 жылғы 12 маусымда туған) меншік құқығында тұрғын үй бекітілгенін атап өту қажет.
«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық органының мамандарымен кәмелетке толмағандардың күтімі, тәрбиесі, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау мақсатында тоқсанына 1 рет ТҮКШ-мен тексеру жүргізіледі, сондай-ақ қамқоршыларға немесе патронат тәрбиешілерге хабарлама хаттар жолданады.
Барлық қамқоршылар осы санаттағы балаларды күтіп-ұстауға 100% жәрдемақы алады, 10 АЕК мөлшерінде.
Мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ және қоғаммен бірлесіп, «Мектепке жол», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше», «Қамқорлық» және басқа да рейдтік іс-шаралар мен акциялар үнемі өткізіліп тұрады. Біздің өңірде ІІО, прокуратура, денсаулық сақтау, білім беру өкілдерімен бірлесіп «Түнгі қаладағы балалар» рейді, «Қауіпсіз жаз» акциясы өткізілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік жетімдік проблемасы біздің өңір үшін өзекті болып қала беретіндігін айту қажет. Мұның себептері баладан бас тарту қаупі бар қолайсыз отбасылардың жоғары пайызы, әлеуметтік жарнаманың жеткіліксіздігі және бұқаралық ақпарат құралдарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы орналастырудың отбасылық формалары туралы жариялау, отбасыларда отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін дамытуға уәждеменің болмауы болып табылады.
Шахтинск өңірі үшін өзекті мәселелер төмендегілер болып табылады:
- балалардың әлеуметтік мәртебесін белгілеу мақсатында ата-аналарды іздестіру бойынша жұмыс;
- балалар мен жасөспірімдердің толық бос уақытын өткізуге бағытталған барабар шараларды қабылдау;
- патронат институтын дамыту.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты қамқоршылық және қорғаншылық органдары өз қызметінде үш негізгі міндетті анықтады:
1) Барлық балалар үшін өмірдің бастапқы кезеңінде неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау (бұған өлім, тамақтану, медициналық көмек мәселелері, әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту және т.б. кіреді).
2) Барлық балаларға сапалы базалық білім беруді қамтамасыз ету;
3) Барлық балаларға, әсіресе жасөспірімдерге қоғам өміріне белсенді қатысу үшін мүмкіндіктер беру (мүгедек балалардың қоғам өміріне белсенді қатысу, қоғамдық орындарға бару, қоғамның мәдени және әлеуметтік өміріне қатысу мүмкіндіктері).
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы жұмыс жалғасатын болады.
ҚО ББ "Шахтинск қаласының білім бөлімі" ММ басшысы Н.Онсович