Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру электрондық үкіметтің веб-порталы (www.egov.kz), «Білімал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (e.bilimal.kz) арқылы немесе қағаз жеткізгіште жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттар тізбесін ұсынады:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін қажет);
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 063/у нысаны және № 026/у-3 нысаны «Бала денсаулығы паспорты»).
4) баланың 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша ұсынылады.
Электрондық үкімет порталына, «Білімал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне:
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жерін көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) «Бала денсаулығы паспорты» № 063/е нысанды, № 026/Е-3 нысанды денсаулық жағдайы туралы электрондық құжаттар;
3) баланың 3х4 см өлшемді цифрлық фотосуреті.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың туу туралы куәлігін, мекенжай анықтамасын көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы 1-сыныпқа қабылдау алгоритмі
Е.bilimal.kz автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы 1-сыныпқа қабылдау алгоритмі
Интернет арқылы өтініш беруге мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін мектептерде компьютермен және сканермен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған.
Ата-аналардың (заңды тулғалардың) туындағаң сұрақтары бойыншатурып жатқан мекен-жайынының мектебіне немесе білім бөлімінің 64891 нөміріне хабарласуларынызға болады.