Қала мектептерінде түлектерді қорытынды аттестаттауға дайындау туралы.
Мектеп түлектерін мемлекеттік емтихандарды сапалы тапсыруға дайындау мақсатында оқушыларға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің өткізудің үлгі қағидалары, атап айтқанда білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі түсіндірілді.
Қорытынды аттестаттауға 9-сыныптың 661 білім алушысы және 11-сыныптың 250 білім алушысы жіберілді.
Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9-сынып білім алушылары төрт емтихан тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
9-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау келесі нысандарда өткізіледі:
1) гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін қазақ тілі/орыс тілі және ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан;
3) орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау бойынша пәннен жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика).
Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 11-сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауды бес емтихан түрінде тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
11-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау келенсі нысандарда өткізіледі:
1) қазақ тілі/орыс тілі және ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихы бойынша тестілеу;
4) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
5) таңдау бойынша пәннен тестілеу (физика, химия, Биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика).
Үлгілік қағидаларға сәйкес әрбір мектепте қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия құрылды.
Мектеп жанынан құрылған комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
1) қорытынды аттестаттауды өткізу мәселелері бойынша білім алушыларға, педагогтерге және ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) ағымдағы жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде 11 сынып білім алушылары таңдаған пәндер тізімін көрсете отырып, қорытынды аттестаттауды тапсыратын 11 сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және ҰТО филиалына жолдау;
3) қорытынды аттестаттауды өткізу, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
4) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа, 9 және 11-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;
5) жазбаша емтихан жұмыстары аяқталғаннан кейін хаттаманың электрондық нұсқасын білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;
6) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;
7) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанынан құрылған комиссияның қарауына білім бөлімдері арқылы жолдау;
8) тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласына сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын бағаларға ауыстыру;
9) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.
Білім бөлімінің жанында 2020-2021 оқу жылында мектеп оқушыларының қорытынды аттестаттауын өткізу бойынша комиссия құрылды.
Білім бөлімі жанынан құрылған комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
1) қорытынды аттестаттауды өткізу мәселелері бойынша білім алушылар, педагогтар және ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
3) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанынан құрылатын комиссияның қарауына жолдау;
4) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және түпкілікті шешім қабылдау.
Мектеп мұғалімдері өңір мектептерінің түлектерімен жүйелі түрде қорытынды аттестаттауды тапсыруғаға дайындық бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау мәселесі білім бөлімінің тұрақты бақылауында.