Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы ақпарат
2020 жылғы 2 желтоқсанда Қамқоршылық кеңесінің отырысы келесі құрамда өткізілді: Ғ.Б.Каржасов, М.М.Байманов, Ш.К.Абдыгаликов, К.П.Коппасова, Е.М.Буслаев, Д.М.Патрикеев, З.А.Солопова , Ю.А.Головина.
Отырыстың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік тіл күнін өткізу арқылы мемлекеттік тілді оқытуды насихаттау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күнін мерекелеу және отбасында бір асыраушысы бар жұмыс істейтін ата-аналарға кезекші топтарға орындар ұсынуды, Қамқоршылық кеңестің бақылауы мәселелерінде талқыланды.
Педагогикалық БАҚ және интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік тілді оқытуды насихаттау жөніндегі жұмысты күшейту және кезекші топтарға орындардың берілуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданды.
Қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері бойынша өтініштер түскен жоқ.
Ағымдағы 2020 жылы қайырымдылық көмек көрсетілмеді, сондықтан қайырымдылық көмек қаражатын пайдалану және оның қозғалысы жөніндегі жұртшылықтың ақпараты интернет-ресурстарда орналастырылмады.