Қабылданған Қамқорлық кеңесінің
шешімдері туралы
Ақпарат
2021 жылғы 16 қаңтарда Қарағанды обюлысы білім басқармасынеың «Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК Қамқорлық кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Қамқорлық кеңесінің 6 мүшесі қатысты, 3 мүшесі қатыспады.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1.Қамқорлық кеңесінің жаңа төрайымын сайлау.
Баяндамашы Жданова В.С.
2.ҚК-нің 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында жұмыс жоспарымен танысу.
Баяндамашы директор Ударцева С.Д.
3.МДББҰ-ның 2021 жылдағы бюджетін жасақтау.
Баяндамашы Ударцева С.Д.
Ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен келесі шешімдер қабылданды:
1.Ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен Қамқорлық кеңесінің жаңа төрайымы Бейсембаева Шолпан Беркутбаевна сайланды.
2. Қамқорлық кеңесінің 2021 жылғы жоспары бекітілсін.
3. Қайырымдылық көмектер үшін шот ашылсын және интернет-ресурстарда хабарландырулар орналастырылсын.