2020 жылғы 23 желтоқсанда «Шахтинск қаласы әкімдігінің №9 жалпы білім беру мектебі» КММ кезекті отырыс өткізілді.
Отырысқа қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және 8 мүшесі, қатыспағандар саны – 0, оның ішінде дәлелді себеппен -0.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Мектепте 9 сынып оқушыларын 3 тоқсанда кезекші сыныпта оқыту туралы.
- Президент шыршасына қатысатын үміткерді қарастыру.
- «Мектепке жол» акциясы кезінде жалпыға міндетті оқу қорынан әлеуметтік қорғалмаған топтардан шыққан оқушыларға көмек көрсету туралы есеп.
Ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен мынадай шешімдер қабылданды:
- 2020-2021 оқу жылының 3 тоқсанда 9 сынып оқушыларын кезекші сыныпта санитарлық ережелерді қатаң сақтай отыра оқытылсын. 9 сыныптардың оқыту түрі штаттық және қашықтықтан өткізу туралы ұсыныс қабылдансын.
- Директор орынбасарының ұсынысы бірауыздан қабылдансын.
- Мектептің әлеуметтік педагогы Л.Тауейдің есебі назарға алынсын.