22 желтоқсанда Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті, отырысқа қамқоршылық кеңестің 9 мүшесі қатысты.
Күн тәртібінде 2 мәселе қарастырылды:
1.2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығы ішінде білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау туралы.
2. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан білім алушыларды әлеуметтік қолдау туралы.
Бірауыздан дауыс беру нәтижесінде келесі ШЕШІМДЕР қабылданды:
1.1 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы шеңберінде ұтымды деп танылсын.
1.2 білім беру ұйымының интернет-ресурсында бюджет қаражатының жұмсалуы туралы есеп орналастырылсын.
2.1 Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан балаларға көмек көрсету жөніндегі жұмыс қанағаттанарлық деп танылсын.