Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылдың 29 ақпанында «Ашық НҚА» порталының egov.kz республикалық платформасында педагогтарды аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары туралы заң жобасы жария талқылау мақсатында жарияланды.

Ағымдағы жылдың 29 ақпанында «Ашық НҚА» порталының egov.kz   республикалық платформасында педагогтарды аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары туралы заң жобасы жария талқылау мақсатында жарияланды.

Ұсынылған редакцияда Педагогтарды аттестаттау ережелерін зерттей отырып, инновациялар мен енгізілген өзгерістер қазіргі уақытта уақтылы және өзекті шешім болып табылатынын атап өткен жөн. Енгізілген түзетулермен, өзгертулермен, педагогтарды аттестаттаудан өткізу рәсімі мен тәртібінің мазмұнын оңтайландырумен қағидалар жобасының ұсынылып отырған редакциясы жеткілікті анық және нақты ақпаратты көрсетеді, сондай-ақ аттестатталушылар үшін жағымды тұстары болады. Әр тармақ барлық заманауи талаптарды ескере отырып жазылған. Сонымен,

 

- Сараптамалық кеңес пен аттестаттау комиссиясының жұмыс мерзімі өзгертілді: Аттестаттау комиссиясы қаңтардан маусымға дейін жұмыс істейді және жылына бір рет шешім шығарады, осылайша педагогтар 1 қыркүйектен бастап тиісті жалақы бойынша үстеме ала алады;

 

- басшылық тарапынан әдістемелік және консультациялық көмек көрсету: Білім беру ұйымдары аттестатталатын педагогтарға материалдарды қалыптастыруға белсенді түрде көмектесетін болады, бұл аттестаттаудан өтетін әрбір педагогқа аттестаттау процесінің кезеңдерінен эмоционалды оң өтуге мүмкіндік береді;

 

- санатты ұзарту мерзімдері өзгертілді: 1 жылдан 2 жылға дейін еңбекке уақытша жарамсыздар; декреттік демалыстан кейін; білім беру ұйымынан Министрлікке, білім басқармасына, әдістемелік кабинеттерге ауысқан адамдар үшін санаттың қолданылу мерзімі ұзартылды;

 

- ПББ тапсыру рәсімі жеңілдетілді:

ПББ тестін тапсыру тәртібі бұзылған жағдайда қатысуға тыйым салу 5 жылдан 1 жылға дейін төмендетілді;

30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтар, сондай-ақ «педагог-шебер» біліктілік санатына аттестатталатын педагогтар растау кезінде ПББ тестінен босатылады;

 

- ПББ тапсыру кезінде тест тапсырмаларының модульдері өзгертілді: «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттарын алу үшін бір модуль - оқытылатын пән бойынша педагог білімін бағалаудан өту кезінде 50 сұрақ, «педагог-модератор» санаты үшін «пәндік білім, оқыту әдістемесі» екі модулі бойынша 50 тапсырма анықталды;

 

- Біліктілік санатын беру шарттары толықтырылды: ПББ тестінің теріс жағдайында: растау кезінде - санат бір деңгейге төмендейді, ал жоғарылату кезінде - ПББ нәтижелерінен жоғары емес санат беріледі, осылайша енгізілген түзету аттестаттау комиссиясының шешімін анықтауда айқындық пен нақтылықты айқындады.

 

- ескі санат форматы бар педагогтар үшін аттестаттаудың ерекше тәртібі анықталды: екінші, бірінші жоғары санаттағы мұғалімдерге аттестаттаудың жаңа моделіне көшу үшін жақсы мүмкіндіктер қарастырылған. «Екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санаттары бар педагогаер өтініш негізінде «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші біліктілік санатын беру үшін қызметтің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтпей-ақ біліктілік бағалауынан және ПББ-дан өтеді. Бір деңгейге жоғары санат алған жағдайда – аттестаттау аттестаттаудың барлық кезеңдерінде педагогтың қатысуын ескере отырып, жалпы негіздерде жүргізіледі.

 

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, жаңартылған түсініктемеде педагогтарды аттестаттау форматы мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайларды қамтамасыз ететініне, білім алушылардың жетістіктері арқылы мұғалімнің қызметін объективті бағалау жүйесін анықтайтынына және сәйкесінше өзін-өзі тәрбиелеу мен мансаптық өсуді ынталандыруға әкелетініне сенімдіміз.

          

Дата публикации
04 марта 2024
Дата обновления
04 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 апреля 2026
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс
Мақалалар
25 февраля 2026
Кадрлық аштық па, әлде мүмкіндіктер уақыты ма?
Талдамалық мақала
31 декабря 2024
Жыл қорытындысы!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы