2023 жылы Қазақстанда алғаш рет білім беру саласындағы халықаралық деңгейдегі ауқымды «Тeach of Qazaqstan» жобасы іске асырылуда. Бұл жобаны біздің мемлекетіміздің қайырымдылық жасаушылары мен меценаттары зерттеп, белсенді қолдады. «Teach of Qazaqstan» жаһандық білім беру жобасы педагог кадрлардың айтарлықтай тапшылығы бар білім беру ұйымдарының мәселелерін шешуге бағытталған. Шахтинск қаласы бұл бағытта да шетте болған жоқ. Мәселен, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаламыздың үш мектебі (№7, № 11 жалпы білім беретін мектептері және Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі) «Қосалқы мектеп» жобасына кірді, оның шеңберінде Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарының түрлі қызмет салаларындағы мамандар жоғары оқу орындарында кәсіби қайта даярлаудан өтіп, мұғалім мәртебесін алып, ең үлкен қажеттілікке ие мектептерге жіберілді.
Біздің білім беру ұйымдарының «Тeach of Qazaqstan» қоғамдық қорымен ынтымақтастыққа дайындығы Тараптар арасында меморандум жасасумен расталды.
Жобаның мақсаты:
- педагогикалық мамандыққа жоғары оқу орындарының үздік түлектерін/түрлі саладағы мамандарды тарту, яғни жаңа буын мұғалімдерін мамандыққа келтіру;
- балаларды олардың әлеуетін ашу үшін заманауи білім беру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
- жалпы білім беретін мектептерге прогрессивті педагогикалық тәжірибелер мен технологияларды енгізу;
- қазақстандық мектептегі білім беру жүйесін трансформациялау үшін модельдік шешімдер әзірлеу.
Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін № 7, № 11 мектептерге және Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейіне осы бағдарламаның 10 түлегін тартып, жұмысқа орналастырды.
2023-2024 оқу жылының 1 жартыжылдығы ішінде пән мұғалімдері (бағдарламаға қатысушылар) оқу-тәрбие процесіне белсенді қатысты, сондай-ақ облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі әртүрлі білім беру инновациялық жобаларына, конкурстарға, семинарларға, конференцияларға, саммиттерге қатыса отырып, өздерінің педагогикалық тәжірибесін іске асырады.
2024 жылғы 24 қаңтарда халықаралық бағдарламаны іске асыру шеңберінде серіктес мектептермен серіктестік, білім беру бағдарламасы мен қатысушыларды қолдау бағдарламасын дамыту жөніндегі директоры Жарқымбаева Құралай Талғатқызының Шахтинск қаласының білім бөлімінің басшысымен және осы жобаға кірген № 7, № 11 жалпы білім беретін мектептері мен Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицейі директорларымен іскерлік кездесуі өтті.
Білім беру саласындағы халықаралық деңгейдегі «Тeach of Qazaqstan» жобасы оқушылардың білім сапасын жақсартуға, олардың оқуға деген ынтасын арттыруға, әртүрлі кәсіптердегі прогрессивті мамандарды педагогикалық қызметке тартуға, Қазақстан мұғалімдерінің педагогикалық практикасын жақсарту үшін жаңа тәсілдерді енгізетін көшбасшылар қауымдастығын құруға үлкен мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ, жоба педагог кадрлардың қажеттілігіне зор көмек көрсетуге бағытталған. Бұл жобаның жұмысы күтілетін нәтижеге жететініне сенімдіміз.