ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 27 және 28 ақпанда Шахтинск қаласының мектепке дейінгі ұйымының барлық педагог қызметкерлері арасында меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» конкурсының қалалық кезеңі өткізілетін болады.
Конкурстың мақсаты: қазіргі жағдайда үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату.
Байқау шарттарымен Шахтинск қаласының білім бөлімінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/documents/1 танысуға болады. Қатысушылардың өтінімдері 2023 жылғы 24 ақпанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Шахтинск қ., Қазақстан көшесі 101, екінші қабат №2 кабинет, тел: 8/72156/64883.