Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

                                                                                          БЕКІТЕМІН: 
                                                                             Қарағанды облысы

                                                                             білім басқармасының

                                                                             «Шахтинск қаласының

                                                                             білім бөлімі» ММ

                                                                             басшысы

                                                                             ____________ Н.Б.Онсович

                                                                            «___» _____________2022 ж.

                                                                           

                                                                                                           

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша

КОНКУРСТЫҚ  ҚҰЖАТТАМА

 

Конкурсты ұйымдастырушы: Қарағанды облысы білім басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі,  101 үй,             

ЖСК KZ85070102KSN3001000, БСК KKMFKZ2A, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Қазынашылық комитеті» РММ, Тел.: 8 (72156) 64883

БСН 611040000019

  

Конкурстық комиссия хатшысы – Г.Г. Адамбекова – Қарағанды облысы білім басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері, 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 үй, тел.: 8 (72156) 64883, 3 кабинет. 

 

                                         Жалпы ережесі

 

Конкурс 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру» қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні, балаларға орта білім беру және қосымша білім беру (2022 жылғы 17 қаңтардағы № 16 өзгерістер мен толықтырулармен) 

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындарды анықтау

 

2022 жылғы 1 маусымынан бастап 2022 жылғы 21 маусымға дейін Қарағанды облысы білім басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес құны бір балаға жан басына қаржыландыру кезінде Шахтинск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілген жаңа 40 орынның Долинка кентінде және 40 орынның Северо-Западный кентінде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың негізгі факторы қала аудандарындағы халықтың сұранысы болып табылады.

Балалар контингентін жасақтау кезекті қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінің және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берудің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады Indigo24.kz

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

 

Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:

1) 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді, мектепке дейінгі ұйымның жарғысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, берешектің жоқтығы туралы банктен анықтама, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар берешектің жоқтығы туралы салық органынан анықтама;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (жекеменшік немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;

4) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына (бұдан әрі- № ҚР ДСМ - 336/2020 бұйрығы) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;  

5) медициналық кабинетке лицензияның болуы туралы көшірмесі немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен қызмет көрсетуге арналған келісім шарт;

6) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды тек қана Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасы бойынша қабылдау туралы Заңға сәйкес тағамға ата-аналар төлемінің белгіленген мөлшері бар жеткізушінің міндеттемелері. Жеткізуші 2 қосымшаға сәйкес міндеттемелер нысанын толтырады;

7) педагогтік немесе кәсіптік білімі бар мемлекеттік үлгідегі білім туралы тәрбиешілердің құжаттарының көшірмелері.

 

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар 1) -7) тармағында көрсетілгендей тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Комиссия отырысынан кейін келесі ақпаратпен конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жасалады:

Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:

1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі.

 

Конкурстық комиссияның алдын ала рұқсат беру туралы шешімін конкурстық комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Шахтинск қаласының білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.

 

Әлеуетті жеткізушілер алдын ала рұқсат беру хаттамасын орналастырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес құжаттарды сәйкестікке келтіреді.

 

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, қоса берілген құжаттармен бірге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкестікке толық келтіру мәніне қайта қарайды. Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ең жоғары мүмкін орындар саны көрсетілген комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

 

Комиссия мынадай шешімдердің бірін шығарады:

  • жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;
  • осы Қағидалардың 18 және 19 тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар тарапынан ұсыныстар саны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар санынан асып кеткен жағдайда өнім берушілерді комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурстық негізде іріктейді.

Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Шахтинск қаласы білім бөлімінің shahtinsk-edu.gov.kz сайтында жарияланады.

Қарағанды облысы білім басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ жылына бір рет мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелерді орындау бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібі

 

         Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың құзырлы өкілдері конкурсқа қатысуға  өтінімді 2022 жылғы 21 маусымы (қоса алғанда) сағат 13-00 дейін 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі 101 үй, тел.: 8 (72156) 64883, 3 кабинет мекенжайы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қолына немесе тапсырысты пошта желісін қолдану арқылы ұсынады.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы


       Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық комиссия қатысып отырған барлық әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 үй, тел.: 8 (72156) 64883, 3 кабинет мекенжайы бойынша 2022 жылғы 21 маусымы сағат 15-00 жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті жеткізушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.

 Егер конкурсқа бiр-ақ конкурсқа қатысу өтінімі түскен жағдайда, конкурсқа қатысуға бұл өтінім де ашылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 қосымша

 

Өтініш нысаны

                         (мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасы

Н.Б.Онсовичке

 

Өтініш

     Жаңа орындарға ___________ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру  үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қызметтерді жеткізушілер тізбесіне ___________________________________________________________

                                                  (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

қосуды өтінемін.

 

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бет.

 

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _________________________ 

                                                                                (Т.А.Ә. (бар болғанда))

______________  М.О.

        (қолы)

 

 Толтырылған күні

                                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

 

Міндеттеме нысаны

(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасы

Н.Б.Онсовичке

                                                                   

Жеткізушінің міндеттемесі

Осы ___________________________________________________

                                       (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

атынан ________________________________________________________,

                                                          (лауазымы Т.А.Ә (бар болғанда))

жарғы негізінде әрекет ететін, Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес тамаққа кететін ата-аналардың төлемақы мөлшері белгіленген, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы міндеттерді орындауға кепілдік береді.

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы ______________________________  ______________

                                                                                               (Т.А.Ә. (бар болғанда)                    (қолы)                          М.О.

Толтырылған күні    

Дата публикации
01 июня 2022