Хабарландыру

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі - білім бөлімі) 2021 жылғы 2 желтоқсанан бастап 2021 жылғы 27 желтоқсанға дейін 50 орындық жеке меншік мектепке дейінгі ұйымда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол мына мекенжай бойынша ұсынады: Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101, 3 каб.  2021 жылғы 27 желтоқсаны сағат 13.00-ге дейінгі мерзімде. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2021 жылғы 27 желтоқсаны сағат 15.00-де Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі 101, 3 каб. мекенжайы бойынша ашылады.  

Қосымша ақпаратты 8 (72156) 64883 телефоны арқылы алуға болады

Дата публикации
02 декабря 2021