|
ҚАРАҒАНДЫ
ОБЛЫСЫНЫҢ
ӘКІМІ
|
|
АКИМ
КАРАГАНДИНСКОЙ
ОБЛАСТИ
|
|
ӨКІМ
Қарағанды қаласы
|
|
РАСПОРЯЖЕНИЕ
№
город Караганда
|
2020-2023 жылдарға арналған
жазғы каникул кезеңінде
балалардың сауықтыру демалысын,
бос уақытын және жұмыспен
қамтылуын ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңына сәйкес, «2020-2023 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1-ө өкімін орындау мақсатында балалардың тұлғалық, әлеуметтік, дене бітімі жағынан, шығармашылық дамуы және жазғы каникул кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу:
- Қалалар мен аудандардың әкімдері заңнамада белгіленген тәртіпте:
- жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруға көзделген жергілікті бюджет қаражаты, демеушілік қаражат есебінен қамтамасыз етсін;
- балаларды сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл комиссиясының жұмысын жалғастырсын;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала сыртындағы балаларды сауықтыру ұйымдарының, жыл бойы жұмыс істейтін балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қала сыртындағы лагерьлердің желісін кеңейту және аз шығынды демалыс ұйымдары нысандарының (шатырлы, киіз үйлі, отбасылық лагерьлер, күндізгі орталықтар, туристік жорықтар, археологиялық және өлкетану экспедициялары) үлесін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын;
- жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының, мүгедек балалардың, даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларының сауықтыру демалысын басым тәртіппен жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етсін;
- құқық қорғау органдарымен бірлесіп, балалар құқық бұзушылықтарының, қылмыстарының профилактикасы, балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу жөнінде іс-шаралар өткізсін;
- жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының жанындағы тамақтандыратын және тамақтандырмайтын күндізгі лагерьлерде балалардың бос уақытын ұйымдастырсын;
- жазғы каникул кезеңінде балалар және жасөспірімдермен жүргізілетін жұмысқа қосымша білім ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсін;
- еңбек және демалыс лагерьлерінде, мектеп орманшылығында, абаттандыру және көгалдандыру жасақтарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес балалардың жұмыспен қамтылуын жүзеге асырсын;
- балаларды сауықтыру ұйымдарының өрт қауіпсіздігін, балалардың сауықтыру демалысы, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуы кезінде балалардың өмірі мен денсаулығының судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара қимыл комиссиясын құрсын;
- аумақтық жеке меншік қала сыртындағы лагерьлер мен олардың қызметіне қатысты бақылауды қамтамасыз етсін;
- жазғы лагерьлердегі тәлімгерлерге мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлердің қызметін зерттеу бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобын ұйымдастырсын;
- балалардың жол-көліктік жарақаттануының алдын алу мен ескерту, судағы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізсін;
- мәдени-бос уақыт іс-шараларының өткізілуін ұйымдастырсын.
- «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
- облыс өңірлерінде балалар спортын дамытуды қамтамасыз етсін;
- спорттық-сауықтыру, спорттық-бұқаралық іс-шараларын, бос уақытты өткізуді ұйымдастырсын;
- жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдер спорттық ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдасын;
- жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін жұмысқа барлық спорт құрылымдарының міндетті қатысуын қамтамасыз етсін.
- «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырылу мен өткізілу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын өткізуде жастар ұйымдарының қатысуына жәрдемдессін;
- «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі балаларға медициналық қызмет көрсету және сауықтырылуын денсаулық сақтау ұйымдарына үйлестірсін.
- «Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі балаларды сауықтыру ұйымдары нысандарына және балаларды сауықтыру ұйымдарындағы тамақтанудың ұйымдастырылуына санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етсін.
- «Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
1) балаларды сауықтыру ұйымдарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдансын;
2) судағы балалардың денсаулығы мен өмірі қауіпсіздігінің алдын алу, балалардың сауықтыру демалысы нысандарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырсын.
- «Қарағанды облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
1) қоғамдық тәртіпті сақтау және балаларды сауықтыру ұйымдарына балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
2) балалардың жарақат алуының алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін насихаттау жөнінде профилактикалық шараларды көздесін;
3) балалар құқық бұзушылықтарының, қылмыстарының профилактикасы, балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу жөнінде іс-шаралар өткізсін.
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филилалы – Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (келісім бойынша) қала сыртындағы балалардың сауықтыру лагерлерінде телефон байланысының бар болуын және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етсін.
- «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балаларға каникул кезеңінде музейлер мен киелі жерлерге тегін экскурсиялар ұйымдастыру мәселесін пысықтасын.
- «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және қорықтар аумақтарында балаларға арнайы туристік маршруттар қалыптастырсын.
- «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы», «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемелері мәдени-бос уақыт іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
- «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
- балалар үйі тәрбиеленушілерінің сауықтыру демалысын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) 2020-2023 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын жалпы үйлестіруді қамтамасыз етсін және жыл сайын қазанның 10-на дейін облыс әкімдігіне қорытынды есепті ұсынсын.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау жетекші ететін облыс әкімінің
орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек
Орынд.: Е. Иманғалиев
Тел.: 41 13 19