Ресурстық орталықтың ашылуы.
2021 жылдың 26 ақпанда Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Қарағанды білім басқармасы мен Қазақстандағы АҚШ елшілігінің шағын гранттар Бағдарламаларын қолдау «Дара» Жеке Қорынмен бірлескен «Кедергісіз орта» жобасы аясында инклюзивті білім беруді қолдауда Ресурстық орталықтың онлайн ашылуы өтті. Ашылуда Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Мәдени бағдарламалар бойынша қоғаммен байланыс бөлімі кеңесшісінің көмекшісі Лэнс Эриксон, "Дара" Қорының жобалары мен бағдарламаларының директоры Марал Серикбаевна Шешембекова, Қарағанды облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің басшысы Жанар Аскербековна Ержолова қатысты.