Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз қоғам мен мемлекеттің құлдырауына әкеп соғатын кері әлеуметтік құбылыспен күресу. Жақында ғана мемлекеттіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарастырылған жауапкершілікті қатайтуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін жағдай тудыратын нормаларды алып тастауға бағытталған түзетулер енгізілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс деректерін және олардың туындауына жағдай жасау деректерін жою мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері ведомстволық бұйрықпен бекітілген ІІБ қызметкерлерінің ар-намыс кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын қатаң ұстанады.
Қылмыстық атқару жүйесі органдарының стратегиялық міндеттерін шешу үшін, атап айтқанда – халықтың қызметкерлерге деген сенімінің деңгейін арттыру, жаңа келбеттегі ҚАЖ қызметкерінің имиджін жасау үшін сыбайлас жемқорлық саласына қысым жасауға, әр қызметкердің санасына міндеттерін адал орындау және сыбайлас жемқлорлық әрекеттеріне қарсы әрекет ету керектігін құюға бағытталған іс-шаралар үнемі өткізіледі.
Мәселен, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК 159/20 мекемесінде 8(72156) 58442 сенім телефоны жұмыс істейді, бұл телефон бойынша әрбір азамат шағым түсіруіне болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында құқық қорғау органының әр қызметкері өздеріне мемлекеттік орган басшылығының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізуі міндетін алады, бұл міндетті орындамағаны үшін тәртіптік жаза көзделген.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындап қана қоймай, сонымен қатар өздері дербес азаматтарды құқыққа қарсы әрекеттерге итермелеуді жоюға қажетті шаралар қабылдау қажет. Күнделікті нұсқауда мекеменің орта және кіші басшылық құрамымен сұхбаттар өткізіледі, жеке құрам арасында күнделікті әскери және қызметтік дайындық жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріледі, соңынан қамауға алынғандармен сөйлесу ережесінің стандарттары шеңберінде сотталғандармен әдепті сөйлесу жөнінде сынақ қабылданады. Режимдік – жедел аппараты атқару мекемесінің қызметкерлерінің, жалданба тұлғалардың арнайы санттағы тұлғалармен және олардың туыстарымен қызметтік емес қатынасқа түсуін алдын – алу және жою жөніндегі жұмысты атқарады. АМ аумағына тиым салынған заттарды кіргізуге, сондай-ақ материалдық құндылықтарды шығаруды анықтау және оған жол бермеу мақсатында сотталғандар және олардың туыстары үнемі тексеріледі. Алдын – алу сипатындағы сұхбаттар жүргізіледі, өткен жылдардағы жағымсыз сипаттардан мысал келтіріледі.
Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қасы күресіндегі және азаматтар мен қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудегі күштерін үйлестіруді арттыру үшін «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен өзара әрекеттестік ұйымдастырылған, бірнеше рет бірлескен семинар – кеңестер өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық қорғау қызметінің беделін түсіреді, оның қызметіне деген сенімді жоғалтады, ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, құқықтық мемлекет құру қағидаттарын және демократиялық дамуды бұзады. Осындай жағымсыз құбылыспен барлық мемлекеттік органдар және барлық лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінде күрес жүргізуге міндетті.
Ф.Досмагамбетов,
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД режимдік бөлімінің жедел уәкілетшісі
әділет капитаны