Мемлекеттік қызмет туралы не білуіміз керек?

Мемлекеттік қызмет туралы не білуіміз керек?

 

Мемлекеттік қызмет құрылғаннан бері көптеген адамдарды аталмыш институттың оң және теріс қырлары толғандырады. Басым көпшілігіне мемлекеттік қызметтегі тұрақты еңбек ақы, төленетін әлеуметтік топтама және кәсіби өсу мүмкіндігі ұнайды.

Әкімшілік мемлекеттік лауазымға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте орналасуға болады.  Мемлекеттік қызметке біліктілік талаптарына сәйкес, өзінің жеке және кәсіби сапасы, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті және Қазақстан Республикасаның заңымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы қабылданады.

Мемлекеттік қызметші әлеуметтік және құқықтық қорғалуға, зейнетақымен және әлеуметтік қөамсыздандырылуға құқылы. Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне  заң бойынша бірқатар әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған.

Осы тізімдерге қарасақ, мемлекеттік қызмете көптеген артықшылықтар бар, алайда, мемлекеттік құрылымның әр қызметкеріне қойылатын бірқатар тыйымдар да жоқ емес, өз таңдауын жасамас бұрын сол тыйымдармен таныс болу керек.

Мәселен мемлекеттік қызметте негізгі жұмысынан басқа қандай да болмасын іспен айналасуға тыйым салынған. Ғылыми жұмыспен және шығармашылықпен айналасуды қоспағанда. Мемлекеттік қызметші өзінің негізгі жұмысымен қоса педагогикалық қызметті ғана ұштастыра алады.

Мемлекеттік қызметші жұмыс жасап жатқан кәсіпкер бола алмайды. Сонымен қатар, қызмет бабын пайдалану арқылы кәсіпкерлікті қодаумен байланысты қандай да болмасын қызмет жүргізуге тыйым салынған.

«Көрсеткен көмегі үшін» материалдық сый ақы мен сыйлық алуға болмайды, алған жағдайда ол пара болып саналады және ондай іс-әрекет үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.  

Мемлекеттік органға тиесілі жабдықтар мен мүліктерді жеке өзінің мақсатында пайдалануға, сондай-ақ, оларды үшінші тұлғаға пайдалануға беруге де тыйым салынады.

Бос лауазымға орналасу құжаттарды тапсырғаннан кейін тек конкурс арқылы ғана жүзеге асырылатынын, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге жұмыс істеуіне тыйым салынатынын атап өту қажет.

Мемлекеттік қызметтегі азаматтарға моральдық келбетке және заңнаманы қатаң сақтауға қатысты жоғары талаптар қойылады. Қызмет түрі бойынша олардың міндеті азаматтардың құқықтарын қорғау және оның сақталуын қамтамасыз ету, атқарып отырған лауазымына сәйкес адал қызмет ету болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерге тағы қосымша тәртіптік жауапкершілік қолданылады.

Кейінге қалдыруға болмайтын, кенеттен шыққан жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері үстеме жұмысқа шығады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер бекітілген мінез-құлық стандарттарын өзінің лауазымды міндеттерін орындау барысында ғана емес, жұмыстан тыс уақытта да сақтауға міндетті.

Әрине, коммерциялық қызмет пен мемлекеттік қызмет арасында таңдауды әр адам өзі жасайды, алайда шешім қабылдау барысында Мемлекетке және халыққа қызмет ету – оңай іс еместігін және оның  жауапкершілігі зор екенін жете түсіну керек.

 

 

 

Бөлімінің басшысы

мемлекеттік-құқықтық жұмыс,

Әдеп жөніндегі уәкіл

Әкімінің Аппараты "ММ

Шахтинск қаласы»

А. Майдина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 июня 2021