ОБЛЫСТЫҚ «БІР ОТБАСЫ-БІР КІТАП»
Акциясы аясындағы
«ОҚЫРМАН ОТБАСЫ»
облыстық байқау
ЕРЕЖЕ
Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бір отбасы-бір кітап» Акциясы аясында «Оқырман отбасы» облыстық байқауы өткізіледі.
Мақсаты:
Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 кітап оқу арқылы оқырман отбасын анықтау.
І. Жобаны жүзеге асыру шарттары:
Байқаудың қалалық/аудандық және мамандандырылған мектеп-интернаттар арасындағы кезеңі өздерінің әлеуметтік желілерінде #оқырманотбасы хэштегі арқылы жарияланып отырылады. Іріктелген шаралар, бейнероликтер, т.б. шаралар облыстық Facebook және Instagram парақшаларында #оқырманотбасы хэштегі арқылы жарияланады.
Облыстық Facebook және Instagram парақшаларына сілтеме:
Instagram - https://instagram.com/bir.otbasy_bir.kitap?r=nametag
Facebook - https://www.facebook.com/profile.php?id=100056305772176
1.1. Ұсынылған 30 кітапты оқу, танысу.
1.2. Оқылуға ұсынылатын 30 кітап тізімі:
Балалар әдебиеті
2.Т. Жексенбай «Бүркіттің балапаны»
Поэзия
Проза
Әлем әдебиеті
Орыс классикасы
1.А.Пушкин «Капитанская дочка»
4.П.Санаев «Похороните меня за плинтусом»
1.3. Book trailer (Буктрейлер) «Біздің сүйікті кітабымыз»
Мақсаты: көзбен көру арқылы кітаптарды таныстыру, насихаттау.
1.4. Фотоколлаж. «Менің отбасым және кітап»
Отбасымен кітап оқып отырған сәттерін фотоға түсіру (қызықты сәттерді), әлеуметтік желілерге фотоколлаж түрінде салу.
1.5. Буккросинг. «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет!»
ІІ. Байқаудың кезеңдері.
2.1. Оқырман отбасылар ұсынылған кітаптарды 27 қаңтардан – 30 сәуір аралығында оқып, танысуы қажет!
2.2. Іріктеу кезеңдері:
Бірінші кезең (мектепішілік іріктеу). 6 мамыр, 2021 жыл.
Екінші кезең (қалалық/аудандық іріктеу). 3 шілде, 2021 жыл.
Үшінші кезең (облыстық іріктеу). 9-10 желтоқсан, 2021 жыл.
Облыстық іріктеу кезеңіне қалалық/аудандық және мамандандырылған мектеп-интернаттардан 2 отбасы ұсынылуы қажет!
2.3. Финал - желтоқсан, 2021 жыл
ІІІ. Байқауға қатысушылар:
Байқауға аудан, қала, ауыл мектептерінің және облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттардың оқушылары отбасымен бірге қатысады.
ІV. Байқау ұйымдастырушылары мен үйлестірушілері:
4.1. Байқауды ұйымдастырушы Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.
4.2. Облыстық іріктеу кезеңіне Ұйымдастырушылар кеңесінің құрамы және әділқазылар алқасы Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
4.3.Ұйымдастыру кеңесі:
4.4. Байқау іс-шаралары ұйымдастыру комитеті белгілеген уақытта өтеді.
5.1. Қазылар алқасы қатысушыларды бағалайды.
5.2. Қалалық/аудандық және мамандандырылған мектеп-интернаттар белсенді отбасыларын алғыс хаттармен, жеңімпаздарды І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттайды.
5.3. Облыстық іріктеу кезеңде әділқазылар Қарағанды облысының білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапаттайды.
VІ. Ұйымдастырушылардың байланыс ақпараты:
Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.
Қарағанды қаласы, С. Сейфуллина көшесі, 8/2 үй; 44-56-14