Директор
Шмик Ирина Эсперовна
1963 жылы 1 қыркүйекте Қарағанды облысы Шахтинск қаласында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі: жоғары, Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтын "Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру" мамандығы бойынша және Қарағанды бизнес, басқару және құқық университетін "Кәсіпорындағы Экономика және басқару (салалар бойынша)" мамандығы бойынша бітірген.
Басшының біліктілік санаты: екінші
Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл
Жұмыс тәжірибесі:
1980–1987ж.ж. – Шахтинск қаласының оқушылар және пионерлер үйі үйірмесінің жетекшісі.
1987–1989 ж.ж. – Шахтинск қаласының оқушылар және пионерлер үйінің мәдени ұйымдастырушысы.
1989–2008 ж.ж. – Шахтинск қаласының пионерлер және оқушылар үйі ("Балалар-жасөспірімдер орталығы" КМҚК) спорттық-техникалық бөлімінің меңгерушісі.
2008– 2011ж.ж. – Шахтинск қаласының "Балалар-жасөспірімдер орталығы" КМҚК директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2011–2014 ж. – Шахтинск қаласының "Балалар-жасөспірімдер орталығы" КМҚК директордың м.а.
2014 ж. - осы уақытқа дейін Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Оқушылар сарайы" КМҚК (бұрынғы «Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласы білім бөлімінің балалар-жасөспірімдер орталығы») директоры.
Педагогикалық, оқушылардың және ата-аналар ұжымдарын басқаруда басшылықтың демократиялық стилін ұстанады, шығармашылық атмосфераны құра алады, барлық жаңа және қызықты нәрселерді қолдай алады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қарағанды облысының білім департаментінің, Шахтинск қаласы әкімінің Алғыс хатымен, ҚР БҒМ РОӘО - ның Алғыс хаттарымен марапатталған, "Балаларға берілген жүрек" кітабына - ҚР білім берудің үздік қызметкерлері, "Үздік адамдар. Білім берудегі үздіктер" Үлкен халықаралық энциклопедиясына еңгізілген.