Білім беру жүйесін одан әрі дамыту мақсатында республикалық деңгейде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама негізгі анықталған мәселелерді шешуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру және ғылым жүйесін дамытуға бағытталған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі өз дамуын жалғастыруда. 2020 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Шахтинск қаласында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100 % (1718 бала) құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейін – 2242 бала, бұл мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалардың 98,2% - ын құрайды. Осылайша, «1 жастан 6 жасқа дейінгі, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту» нысаналы индикаторына қол жеткізілді. Осы индикатордың орындалуы өңірде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісінің дамуына байланысты болды. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың кезектілігінің төмендеуі және ерте жастағы балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтудың ұлғаюы 25 орынға «Капуѕта» жеке меншік бөбекжайының ашылуына, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыра отырып, 270 орынға «Іңкәрім» мектепке дейінгі академиясы» ЖШС екінші жеке меншік бөбекжайының ашылуына байланысты жүзеге асырылды.