«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ-нің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары

Шахтинск қаласының білім бөлімі туралы

Шахтинск қаласының білім бөлімінің штат саны – 5 адам (мемлекеттік қызметшілер), әдістемелік кабинетте -    9 адам, бухгалтерияда – 12 адам. Мемлекеттік қызметшілер кестеге сәйкес қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Барлық қызметкерлер автоматтандырылған жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп, ішкі жергілікті желі мен кең жолақты Интернетке қосылған. Электрондық құжат айналымы жүйесі және мемлекеттік органның           Интернет-порталы барлық жұмыс орындарында орнатылған.

2020 жыл ішінде білім бөлімі электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеді. Білім бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, 2050 Стратегиясын, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Қазақстанның «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын басшылыққа алады.

Шахтинск қаласының білім бөлімінің қызметі 2020 жылы Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ескере отырып жүзеге асырылды. Шахтинск қаласында білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған қадамдық жоспары іске асырылды. Шахтинск қаласында білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған қадамдық жоспары іске асырылды.

Жыл бойы білім беру сапасын басқару, қаланың білім беру ұйымдарының мониторингі бойынша жұмыс жалғастырылды және олардың негізінде білім беру жүйесінің дамуына бақылау жүзеге асырылды, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындауға ерекше назар аударылды.

Шахтинск қаласының аумағында бүгінгі күні 24 мемлекеттік білім беру ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде  8 мектепке дейінгі, 12 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 3 қосымша білім беру ұйымы, АК 159/7 мекемесінің қарамағындағы 1 жалпы білім беретін мектеп.

Шахтинск өңірінің аумағында 12 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде шағын орталықтар:             8 қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар: «Аленка» (Новодолинка кенті), «Березка» (Шахан кенті), «Ботагөз», «Гүлдер», «Еркетай», «Қарлығаш», «Салтанат» және «Снегурочка» (Шахтинск қаласы) және 2 шағын орталық: Долинка кентіндегі № 4 жалпы білім беретін мектебінің қарамағындағы «Жұлдыз», Северо-Западный кентіндегі № 8 жалпы білім беретін мектебінің қарамағындағы «Айналайын» және 2 жеке меншік «Капуѕта» және «Іңкәрім» бөбекжайлары.

Өңірде 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді: Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі (БКМ), балалар музыкалық мектебі (БММ), балалар-жасөспірімдер орталығы (БЖО). Қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесі 2020 жылы 54% - 4170 оқушыны құрайды (2019 жылы - 54% - 4075 оқушы).

Білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі сапалы мектепке дейінгі білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

2020 жылы мектепке дейінгі білім берумен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 98,2% және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100% қамтылды. Шахтинск өңірінің барлық мектепке дейінгі ұйымдарында қазақ тілін тереңдетіп оқыту жүзеге асырылады. 5 мектепке дейінгі ұйым облыстық эксперименттік алаңдарда жұмыс істейді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту мәселесін шешу, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыра отырып, жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды ашу арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні             12 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде ШЖМ – 1 немесе 8,3% (№ 8 ЖББМ). Шахтинск өңірінде білім беру ұйымдары жоқ елді мекендер жоқ.

Сапалы білім алу үшін оңтайлы жағдай жасау үшін облыс мектептерін заманауи пәндік кабинеттермен және компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.

Өңірдегі барлық 12 мектеп Wi – FI орнатылған, Интернет желісінің КЖҚ-не қосылған, бұл 100% - ды құрайды. Өңір мектептерінің компьютерлік базасы 1162 бірлікті құрайды, тозу пайызы - 0%. Көрсеткіш ағымдағы жылы            1 компьютерге оқушылар саны 6,6 адамды құрайды. Жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз етілу пайызы 85,4% құрайды. Оның ішінде: Биология - 91,6% (11/12), Химия – 83,3% (10/12), Физика - 91,6% (11/12),                  ЛМК - 75 % (9/12). Соңғы үш жылда 210 ПИК сатып алынды (сыныптардың 61% - ы ПИК-мен жабдықталған).           Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде «ІТ технологиялар» кабинеті жұмыс істейді.

 

Міндеті:

Білім беру ұйымдарының функционалдық-құзыретті түлектерін даярлау арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін, экономиканың тұрақты дамуын және зияткерлік әлеуетін арттыруды қамтамасыз ететін білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Өңірдің білім беру саласын басқаруды жүзеге асыру, мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру бойынша жағдайлар жасау, бірыңғай білім беру кеңістігін сақтауды қамтамасыз ету.

 

 

Дата публикации
04 февраля 2021