Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
shaht-raioo@bilim09.kz
Аккаунты соц. сетей:
Адамбекова Галина Григорьевна
2
Карьера

Әдіскер өз қызметінің ерекшелігі бойынша білуге тиіс:

- ҚР Конституциясын, «Білім туралы» ҚР Заңын, білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді;

- біліктілікті арттыру жүйесін, педагогиканы, дидактика принциптерін;

- білім беру, тәрбиелеу, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және басқа да оқу-әдістемелік құжаттарды;

- білім беру мен тәрбиелеуді дамыту тұжырымдамасын;

- оқу-тәрбие процесі мен басқару қызметін ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін;

- әдістемелік жұмыстың мазмұнын, нысандарын ұйымдастыру және жетілдіру мәселелерін;

- оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, дәстүрлі және жаңа түрлері мен әдістерін, оқу-тәрбие процесінің дидактикалық негіздерін, оны ұйымдастырудың қазіргі заманғы талаптарын, оқытудың интерактивті әдістері мен технологияларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;

- оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету үшін оқу-бағдарламалық құжаттаманы, әдістемелік әзірлемелер мен ұсынымдарды, оқыту құралдарын әзірлеу тәртібі мен технологиясын;

- педагогиканы, жалпы, жастық және әлеуметтік психология негіздерін, балалар мен жасөспірімдер физиологиясын, әлеуметтік педагогика негіздерін; еңбек заңнамасының негіздерін;

-еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.

 

2.2 ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

 

- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бойынша білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыс жүйесін ұйымдастырады;- білім беру мекемесінің басшылары мен педагог қызметкерлеріне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және әдістемелік қамтамасыз етуде, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен құралдарын негізді таңдауда және практикалық пайдалануда, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруде көмек көрсетеді;- білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйін талдайды, оны ұйымдастыруда және тиісті бейін бойынша әдістемелік қамтамасыз етуде қайшылықтар мен мәселелерді анықтайды;- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесінде қолданылатын                     оқу-бағдарламалық құжаттамасын талдайды;- педагогтарға жұмыс оқу-бағдарламалық құжаттамаларын әзірлеуге және пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуге көмек көрсетеді және жұмысты ұйымдастырады, білім беру мекемелерінде әдістемелік жұмысты жоспарлайды және ұйымдастырады;- тиісті бейін бойынша әдістемелік (циклдік), пәндік комиссиялардың, оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіру, оқу-тәрбие процесін кешенді педагогикалық қамтамасыз ету бойынша педагогтердің басқа да шығармашылық бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;- педагог қызметкерлерге кеңес береді, оларға қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;- педагогтердің кәсіби шеберлік байқауларын, аудандық (қалалық) оқу-әдістемелік          іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;- мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласында қалалық, облыстық, республикалық байқауларды, көрмелерді, олимпиадаларды, слеттерді, жарыстарды және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;- мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогтердің кәсіби шеберлік байқауларын, қалалық оқу-әдістемелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;- тиісті ғылыми және оқу-әдістемелік білім беру органдарымен олар жүргізетін эксперименттік жұмысқа қатысу, жаңа үлгілік оқу-бағдарламалық құжаттаманы, оқу және әдістемелік құралдар мен әзірлемелерді, оқытудың өзге де құралдарын әзірлеу және оларды сынақтан өткізу мәселелері бойынша өзара іс - қимылды қамтамасыз етеді;- білім беру ұйымдарының әдістемелік жұмыстың барлық бағыттары бойынша өңірлік әдістемелік органдармен, басқа да білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

- тиісті бейін бойынша ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу (оқыту сапасы, жаңа әдістер мен технологияларды пайдалану) мәселесіне жетекшілік етеді;

- тиісті бейін бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің білім сапасына бағалау жүргізуде консультативтік, практикалық көмек көрсетеді;- озық басқарушылық және педагогикалық қызмет тәжірибесін анықтау, қалыптастыру, зерделеу, жинақтау және педагогикалық ортаға трансформациялау, педагогикалық шығармашылықты дамыту, озық педагогикалық тәжірибенің ақпараттық банкін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
 

- мектепке дейінгі, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын білім беру ұйымдарының желісін сақтау және дамыту жөніндегі жұмысты жоспарлайды және ұйымдастырады;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог кадрларын даярлау мен аттестаттауды өткізуді бақылауды жүзеге асырады;

-  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ақылы білім беру қызметін ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсету жұмысын бақылайды;

- балалардың дарындылығын анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мәдени-ағарту орталықтарымен, қоғамдық ұйымдармен балалар шығармашылығын ұйымдастыру мәселелері бойынша бірлескен қызметін үйлестіреді;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қауіпсіздік техникасының сақталуын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының құрылымына және оларды күтіп – ұстауға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылайды;

- жетекшілік ететін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру және тәрбие процестеріне бақылауды жүзеге асырады;

- білім беру ұйымдарының рейтингтік көрсеткіштерінің орындалуын бақылайды;

- жыл сайынғы статистикалық есептілікті (оқу жылының басына, жетекшілік ететін мәселе шегінде және т.б.) ұсынады;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында іс жүргізудің жүргізілуін бақылайды;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуын бақылайды;

- жаңа бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, ҚР жаңа мемлекеттік стандарттарын енгізу бойынша тәрбиешілердің қызметін ұйымдастырады;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтерімен, психологтарымен жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетеді;

-  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің мазмұнын жаңарту, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

- қала әкімдігі қаулыларының жобаларын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жарғыларының жобаларын дайындайды;

- өз құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін қарайды;

- сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады;

 

- оқушылардың отансүйгіштігін, азаматтылығын, интернационализмін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты жүзеге асырады;

- еңбек тәртібін, бөлім Жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін, сондай-ақ әдістемелік кабинет меңгерушісі мен бөлім басшысының тапсырмаларын сақтайды;

- функционалдық міндеттерін сапалы орындауды қамтамасыз етеді;

- деректер базасын тек қызметтік мақсатта пайдаланады.

 

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы