Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
shahtgoroo@gmail.com
Аккаунты соц. сетей:
Галкина Анастасия Юрьевна
Бас маман
Общая информация, образование
Карьера

- бастапқы есепке алу құжаттамасының бірыңғай нысандарына сәйкес бөлімнің, оның бөлімшелерінің жеке құрамының есебін жүргізеді;

- еңбек заңнамасына, бөлім басшысының ережелері мен бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды, сондай-ақ кадрлар бойынша басқа да белгіленген құжаттаманы ресімдейді;

- қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді;

- біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссиялар үшін қажетті материалдарды дайындайды және қызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға ұсынады;

-  еңбек кітапшаларын толтырады, есепке алады және сақтайды, еңбек өтілін есептейді, қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар береді;

- қызметкерлерді көтермелеу және марапаттау туралы еңбек кітапшаларына жазбалар жасайды;

- қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты бөлім жеке құрамы туралы деректер банкіне енгізеді, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын бақылайды;

- қызметкерлерге демалыс беру есебін жүргізеді, кезекті демалыс кестелерінің жасалуына және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әскери міндеттілердің есебін жүргізеді;

- Т-2 карточкасының нысаны бойынша есеп жүргізеді және толтырады;

- еңбекті қорғау саласындағы іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- барлық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің деректер банкін қалыптастырады;

-  «Персоналды басқару» бағдарламасымен жұмысты жүзеге асырады;

- білім беру ұйымдары директорларының жеке құрам бойынша бұйрықтарын (жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, ауыстыру), кадрлық құрам бойынша бұйрықтарын (іссапарлар, тәртіптік жазалар, сыйлықақы беру және материалдық көмек беру) дайындайды;

- еңбек шарттарын дайындауды және ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ бөлім қызметкерлері арасында жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізуді ұйымдастырады;

- білім беру ұйымдары директорларының жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізеді;

- білім беру ұйымдары директорларының демалыс кестесін әзірлейді және бақылайды;

- білім беру мекемелерінің педагог кадрларға қажеттілігін зерделейді;

- қаланың білім беру ұйымдарының бос орындары туралы деректер банкін қалыптастырады;

- педагог кадрлардың сапалық құрамы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен жұмысты жүзеге асырады;

-  «Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетеді;

- білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі, қосымша және жалпы орта білім беру) -  «Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін сапалы және уақтылы көрсетуге жалпы бақылауды жүзеге асырады;

- ведомстволық бағынысты білім беру мекемелерінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бас бухгалтерлер бос лауазымдарына тағайындауға келісімді бақылайды;

- оқу орындарының педагогикалық факультеттерінің түлектерін қаланың білім беру мекемелеріне бөлуге қатысады;

- білім беру мекемелеріндегі жас мамандармен жұмысты бақылауды жүзеге асырады;

- білім беру ұйымдарының басшыларын, қаланың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауға дайындауды жүзеге асырады;

- білім беру ұйымдары директорларының бос лауазымдарына тағайындауға конкурстарды өткізуге құжаттарды дайындайды;

- білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін марапаттауға құжаттарды ресімдейді;

- өз құзыреті шегінде азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;

- біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру қызметтерін көрсету бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізеді;

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы