GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Әдістемелік жұмыс
15 октября 2026
Сәтбаевта мектепішілік бақылау мәселелері бойынша семинар өтті

Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті «Мектепішілік бақылау құжаттарын жүргізу және талдау ерекшеліктері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Оған директордың оқу-әдістемелік және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Қарағанды облысы бойынша кәсіби дамыту институтының Ұлытау облысы бойынша өкілдік басшысы Тыныштықбай Абылай Қанатұлы өткізді.

Қатысушылар мектепішілік бақылау құжаттарын талапқа сай рәсімдеу, бақылау нәтижелерін тиімді талдау және білім сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелерін қарастырды. Құжат жүргізудің жүйелілігі, мониторинг нәтижелерін саралау және әдістемелік қолдау көрсету бойынша тәжірибелік ұсынымдар берілді.

Семинар мектепішілік бақылау жұмыстарын жетілдіруге және басқару тиімділігін күшейтуге бағытталды.

Тәрбие жұмысы
15 октября 2026
«Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды

Сәтбаев қаласында «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті. Қазылар алқасының шешімімен үш бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

«Әнді сүйсең менше сүй» бағыты бойынша I орынды №16 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Шаяхмет Шерхан иеленді.

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» бағыты бойынша I орын — №16 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Мәлік Мұхит; II орын — Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Софина Құндыз.

«Абайдың асыл мұрасы» бағыты бойынша I орын — Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Боранбай Еркеназ; II орын — №27 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Утешова Нұрай; III орын — Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Кирим Алихан.

Қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

Тәрбие жұмысы
15 октября 2026
Инабат Игибаева «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Талдықорған қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының республикалық кезеңі өтті.

Ұлытау облысының атынан Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Инабат Игибаева қатысып, II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жетекшісі — Алтанбаева Айкүнім Серікқызы. Оқушы мен жетекшісін құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

Тәрбие жұмысы
15 октября 2026
Сәтбаев оқушылары «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауында марапатталды

Павлодар қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында VI республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы өтті.

Байқауда Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жумадуллаева Еркеназ III орын иеленді. Жетекшісі — Айтмағанбетова Гүлжан Мұратқызы.

№3 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Бейсенбай Гүлназ сертификатпен марапатталды. Жетекшісі — Оразалы Бағлан Дүйсебекұлы.

Оқушылар мен жетекшілерін құттықтап, алдағы білім мен өнер жолында шығармашылық табыс тілейміз!

Тәрбие жұмысы
15 октября 2026
Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының секциясы өтті

"ТАМЫЗ КЕҢЕСІ - 2026"

Сәтбаев қаласында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі «Тамыз кеңесі – 2026» аясында «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған секциялық отырыс өтті.

Секция жұмысы жаңа оқу жылында мектептегі тәрбие үдерісіне Конституцияда айқындалған негізгі құндылықтарды – заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет, отансүйгіштік, бірлік, әділеттілік және адам құқықтарын сақтау қағидаттарын жүйелі түрде енгізуге, тәрбиелік ортаны жаңғыртуға және оны тиімді басқарудың заманауи моделін қалыптастыруға арналды.

Секциялық отырыс барысында Абай атындағы №4 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Кенжебаева «Тәрбие – 2026: Конституция құндылықтарын мектеп өміріне енгізудің жаңа басқару моделі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

№3 жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Д. Бақтиярова «Конституциялық құндылықтар негізіндегі тәрбие жұмысы: жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен тәжірибесі» тақырыбында тәжірибелік жұмыс нәтижелерін таныстырды.

Сонымен қатар, өткен оқу жылында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, білім беру саласындағы тәрбие жұмысының дамуына үлес қосқан директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сәтбаев қаласының білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Тәрбие жұмысы
15 октября 2026
Сәтбаевта 2026–2027 оқу жылы басталды

2026 жылғы 1 қыркүйекте Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарында жаңа 2026–2027 оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастыруының негізі» тақырыбында салтанатты іс-шаралар өтті. Оларға оқушылар, ата-аналар мен педагогтер қатысты.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушыларына ерекше көңіл бөлінді. Іс-шараға қатысушыларға жаңа оқу жылында табыс пен жемісті еңбек тілектері айтылды.

Әдістемелік жұмыс
15 октября 2026
Сәтбаев педагогтері Қазақстан халқы тілдері күніне орай марапатталды
Қазақстан халқы тілдері күні – еліміздегі барша этнос өкілдерін біріктіретін, туған тілге деген құрмет пен мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптейтін айтулы мереке.

Осы мерекеге орай ұйымдастырылған облыстық «Тіл – татулық тірегі» фестивалінде Сәтбаев қаласы білім бөлімінің бірқатар ұстаздары мерейлі марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда:
• «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» номинациясы С.Сейфуллин атындағы гимназиясының мұғалімі - Бұқар Амангелді Оразұлына табысталды; • «Тіл шебері – 2026» номинациясымен Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдіскері - Соколовский Евгений Евгеньевич марапатталып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды;
• «Үздік бейнеролик – 2026» номинациясын №3 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Оразалы Бағлан Дүйсебекұлы еншіледі.

Сонымен қатар, қалалық «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік орталығы «Ұлт байлығы – туған тіл» атты әдеби-музыкалық кеш өткізіп, Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Тіл жанашыры» сыйлығын табыстады.

Марапат иелері:
• «Ұлағатты ұстаз» номинациясы — С. Сейфуллин атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Исанкулова Гүлбану Ғалымжанқызы;
• «Тіл майталманы» номинациясы — Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Досанов Мәди Данаұлы;
• «Үздік оқытушы» номинациясы — Абай атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Кенжебаева Айжан Бекболатқызы.

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың бірлігін бекемдейтін алтын көпір. Ана тіліміздің абыройын асқақтатып, оның қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген ұстаздарымыздың еңбегі – ұрпақ тәрбиесіне қосылған өлшеусіз үлес.

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, шығармашылық ізденістеріңіз бен кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін! Тіліміздің тұғыры биік, мерейі үстем болсын!
Білім беру ұйымдары
15 октября 2026
2026–2027 оқу жылына арналған оқулықтар білім беру ұйымдарына жеткізілді

Білім бөлімінің 11 қыркүйектегі хабарламасына сәйкес, 2026–2027 оқу жылына дайындық аясында 3 және 7-сыныптарға арналған қайта басылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер білім беру ұйымдарына уақытылы жеткізіліп, таратылды.

Қазақ тілінде оқытатын 3-сыныптарға «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», «Математика», «Дүниетану» және «Музыка» пәндері бойынша оқулықтар жеткізілді.

Орыс тілінде оқытатын 3-сыныптарға орыс тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика және музыка пәндерінің оқулықтары жеткізілді. 7-сыныптарға дүниежүзі тарихы пәнінің қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтары берілді.

Тәрбие жұмысы
15 октября 2026
Сәтбаев қаласының 53 жылдығына арналған сынып сағаттары өтті

«Адал азамат» бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушыларына Сәтбаев қаласының 53 жылдығына арналған «Сәтбаев – туған қалам, мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Оқушылар қаланың қалыптасуы мен даму тарихымен, көрікті жерлерімен, танымал тұлғаларымен және қазіргі жетістіктерімен танысты.

Талқылау барысында оқушылар қаланың болашағы және оның дамуына әрбір тұрғынның қосатын үлесі туралы ой бөлісті. Сынып сағаттары отансүйгіштікке тәрбиелеуге және туған қалаға құрметті арттыруға бағытталды.

Тәрбие жұмысы
15 октября 2026
«Таза Қазақстан – салауатты отбасы!» отбасылық спорттық сайысы өтті

Отбасы күніне орай «Бірге ойнаймыз, бірге жеңеміз!» ұранымен «Таза Қазақстан – салауатты отбасы!» отбасылық спорттық сайысы өтті. Ата-аналар мен балалар эстафеталарға қатысып, ептілік пен ұйымшылдық танытты.

Іс-шара отбасылық бірлікті нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және «Таза Қазақстан» бастамасын қолдауға бағытталды.

Сайыста Скакундар отбасы, Амановтар отбасы және Мұрат отбасы жүлделі орындарға ие болды. Іс-шараны педагог Ищанова Ж.А. ұйымдастырды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы