
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына 2023 жылы 02 маусымда №157 бұйрығымен өзгерістер негізінде «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңі қалалық кезеңі 7 -14 тамыз аралығында өткізілді. Конкурстың І кезеңінің нәтижесі бойынша Министрліктің ақпараттық жүйесіне қаламыздан 11 жұмыс тіркелді. Оның ішінде 2 педагог құжаттарын дұрыс жүктемегендіктен олардың жұмысы ашылмады және бағаланбады.
Өңірлік комиссиялардың мүшелері үш адамнан топтарға бөлінді. Конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттар (материалдар) іріктеу әдісімен топтар арасында бөлініп қаралды. Топ мүшелері өз тобына бөлінген конкурсқа қатысушылардың портфолиосын сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес бағалады. Өңірлік комиссияның шешімі бойынша 100 балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған конкурсқа қатысушы І кезеңнің жеңімпазы болды. Конкурстың І кезеңінің нәтижесі бойынша жеңімпаз ІІ кезеңге қатысуға жіберілді. Министрліктің ақпараттық жүйесіне тіркелген 9 педагогтің портфолиолары сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес бағаланды. Нәтижесінде мынадай қорытынды шығарылды:
Бұқар Амангелді Оразұлы- С.Сейфуллин атындағы гимназиясының қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі -93 балл;
Казиева Арайлым Талдыбаевна- С.Сейфуллин атындағы гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі-84 балл;
Жунусова Айнур Бактияровна- Б.Момышұлы атындағы мектеп-
гимназиясының география пәні мұғалімі -81,6 балл
Жекенова Айнагуль Жаксыбайевна- Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-
лицейінің тарих пәнінің мұғалімі-81,3 балл.
«Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары ІІ кезеңге (облыстық) қатысуға жіберілді.