Сәтбаев қаласының прокуратурасы және Сәтбаев қаласының білім бөлімі алаяқтардан сақ болуды ескертеді
Назар аударыңыз❗️❗️❗️
Егер Сізге ақшалай сыйақы үшін «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-не жұмысқа тұрғызып беруге уәде берсе.
Келіспеңіз⛔️
Олар алаяқтар🥷
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің «Archimedes» немесе басқа медициналық сақтандыру және әртүрлі зейнеткерлік қорлардан ақша қаражаттарын шешіп беремін деген жағдайда сенбеуді сұраймыз.
Сенбеңіздер!!!
ОЛАР АЛАЯҚТАР !!!
АЛАЯҚТЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Алаяқтықтың белгілері:
* Сізге қоңырау шалған банк қызметкері
* Сізге қоңырау шалған КНБ, Полиция, Прокуратура немесе Президент аппаратының қызметкері
* Сізді «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС немесе КМС, Смелтинг, Барлау, Мэйкер секілді ұйымдарға жұмысқа орналастырамын деп ақша сұраған адам
* Инстаграм, Телеграм және Ватсапп мэссенджерлерінде медициналық сақтандыру және зейнетақы қорынан ақша шешіп беремін деп уәде берген тұлғалар
* Ұялы телефоныңызға Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қосымшаларды орнатуды ұсынатын адам
Құрметті қала тұрғындары алаяқтық қылмысының артуына байланысты Сәтбаев қаласының прокуратурасы сақ болуды ескертеді.
Есіңізде сақтаңыз Сіз және сіздің жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін.