Елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

Елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова толығырақ айтып берді.

Акция 15 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ол жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған. Оған волонтерлар, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және барлық жанашыр азаматтар қатыса алады.

Барлық жүрегі кең азаматтарды оқушыларға жаңа оқу жылына дайындығына қолдау көрсеутіңізге, аталған акцияға белсенді қатысуыңызға шақырамыз!