
2024 жылы 13 ақпан күні "Сәтбаев қаласының білім бөлімі" әдістемелік кабинеті және "Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің "Сәтбаев қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымы" ұйымдастыруымен «Үздік жыл психологі» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қала мектептері мен мектепке дейінгі мекемелердің педагог- психологтары 3 санат бойынша (3-5 жыл, 5-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар) қатысты.
Конкурстың басты мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтерді анықтау, қолдау және ынталандыру.
Қатысушылар авторлық бағдарламаларын қорғады. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша номинация иегерлері анықталды.
🥇🥇🥇 І дәрежелі диплом «Жас психолог» номинациясымен Белгибаева Жазира Болганбаевна Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы;
🥇🥇🥇 І дәрежелі диплом «Мәртебелі психолог» номинациясымен Султанова Гулим Оразалиевна «Күншуақ» КМҚК педагог-психологы;
🥈🥈🥈 ІІ дәрежелі диплом «Мәртебелі психолог» номинациясымен Нургалиева Кенжекул Копбергеновна Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің педагог-психологы;
🥇🥇🥇 І дәрежелі диплом «Өз саласының кәсіби маманы» номинациясымен Давыденко Татьяна Александровна Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясының педагог-психологы;
🥈🥈🥈 ІІ дәрежелі диплом «Өз саласының кәсіби маманы» номинациясымен Пак Елена Сергеевна «Қарлығаш» КМҚК педагог-психологы;
🥉🥉🥉 ІІІ дәрежелі диплом «Өз саласының кәсіби маманы» номинациясымен Агабекова Акнур Бахитжановна №3 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы. Қалған қатысушыларға алғыс хат берілді.
Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар білім бөлімінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарға облыстық байқауда сәттілік тілейміз!