2024 жылдың 6 ақпаны күні Абай атындағы 4 мектеп-лицейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Олимпиаданың қалалық кезеңіне 300 оқушы қатысып, 108 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Үздіктер анықталып, Республикалық кезеңге жолдама алды. Қалалық кезеңнен

І орын алған 15 оқушы алтын медальмен

ІІ орын алған 34 оқушы күміс медальмен

ІІІ орын алған 59 оқушы қола медальмен марапатталды.

Облыстық пән олимпиадасында үздік нәтиже көрсетіп, топжарған оқушылардың пән мұғалімдеріне Сәтбаев қаласының білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ильясова Гульнар Жумабековна арнайы сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар, Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қалалық кезеңінің Ең үздік олимпиада командасы анықталды. 9-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндерден қалалық олимпиадада жалпы командалық есеппен ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА

ІІІ дәрежелі дипломмен Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебі;

ІІІ дәрежелі дипломмен №27 жалпы білім беретін мектебі;

ІІ дәрежелі дипломмен Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі;

І дәрежелі дипломмен №16 жалпы білім беретін мектебі марапатталды.
Қалалық олимпиадада жалпы командалық есеппен ИННОВАЦИЛЫҚ МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА

ІІІ дәрежелі дипломмен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі марапатталады

ІІ дәрежелі дипломмен Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы марапатталады

І дәрежелі дипломмен Абай атындағы №4 мектеп-лицейі марапатталады

БАС ЖҮЛДЕМЕН Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы марапатталады және кубок табысталды.
Сондай-ақ,«Педагогикалық идеялар» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде жүлделі орындарға ие болған 12 педагог пен «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде өз бағдарламаларын ұсынып, Республикалық кезеңге жолдама алған 9 педагог марапатталып, құрмет-қошеметке ие болды!