
♻️ “1000 мектеп республикалық жобасы мен “Самғау” қалалық жобасы аясында «Мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру - мектепті дамыту механизмі» тақырыбындағы педагогикалық Forward 30 қаңтар күні Сәтбаев қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде өткізілді.
♻️Мектепішілік бақылауды жақсарту мақсатында ұйымдастырылған ісшараға Ұлытау облысының білім басқармасының бөлім басшысы Е.Е. Асилбаев, Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз
ету департаментінің бөлім басшысы Г.Н.Жакупбекова, Ұстаз-Ұлытау аймақтық өкілдіктің басшысы Г.А.Жаппасова, Ұлытау облысының әдістемелік орталығының бөлім басшысы А. Хаблекбер, әдіскерлер және білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданы аймақтарынан қонақтар қатысты.
♻️Ісшараның ашылуында Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Б. Акишбеков сөз алып, МІБ - дың жүйелі, сапалы, нәтижелі болуына тоқталды.
♻️Семинардың негізгі мақсаты: білім сапасын жақсарту, білім беру ұйымының қызметін жетілдіру, оның ішінде білім беру мен тәрбиелеу сапасын жақсарту, педагог қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру. Педагогикалық Forward бағдарламасы төрт бөлімді қамтыды:
✅Жүйелі жұмыс- жемісті нәтиже» көрмесі ;
✅«Тиімді тәжірибелер- жетістікке апарар жол» ТедХ форматында білім беру мекемелерінде мектепішілік бақылау жоспарының 6 бағыты бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар, әдістемелік өнімдер, әдістемелік көмек жұмыстары жайында тәжірибе мен таратуға тұрарлық идеялар айтылды;
✅ «Өзіңнен баста, басқаларға үлгі болсын!» педагогикалық батлда мектепішілік бақылау бойынша жағдаяттарды шешу шеберлігі байқалатын білім сайысында директорлар өз ойларын ортаға салды;
✅«Сауал- сізден, жауап- бізден». Еркін микрофон айдарында келген қонақтар мен қатысушылар МІБ қатысты сұрақтар төңірегінде ой тұжырымдап, білім сапасын арттыруға және қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөліне қатысты өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға жауап алды. Семинарда жас мамандардың болашақтағы ұстаздық қызметтеріне байланысты ой саларлық қойылымы көрсетілді.