Мұғалімдер күні – білім саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Қаламыздағы ұстаздар қауымын құттықтауға Сәтбаев қаласының әкімі Әубәкір Шапағат Момынбайұлы, Ұлытау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Туребеков Маратбек Жакыпбекович, Сәтбаев қалалық Мәслихатының төрағасы Балмағанбетов Қайрат Маратұлы шақырылды. Ұстаздар қауымына құттықтау сөз сөйлеп, педагогтерімізге марапаттар табыстады. Педагогтеріміз Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің «Еңбек ардагері» медалімен, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің және Ұлытау облысының Алғысымен, Ұлытау облысы Білім басқармасының және Сәтбаев қаласының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы Сәтбаев қалалық ұйымының төрағасы Ильясова Гүлнар Жұмабекқызы білім беру қызметкерлері кәсіптік одағының марапатын табыстап, үш педагогке тегін санаторлық – сауықтыру емделуіне сертификат жолдады.
Білім бөлімінің басшысы Акишбеков Берик Базылұлы бірқатар ұстаздарымызды және білім беру ұйымдарының жыл қорытындысы нәтижесі бойынша өз лебізін білдірді. Білім беру және мектепке дейінгі ұйымдар арасында байқаудың нәтижесін жариялап, жеңімпаздарды құттықтады.
«Мектепке дейінгі үздік ұйым» қалалық байқауының қорытындысы бойынша
І дәрежелі дипломмен «Нұрбөбек» бөбекжайы, ІІІ дәрежелі диплом мен «Балақай» бөбекжайы марапатталды.
«Орта білім беретін үздік ұйым» қалалық байқауының қорытындысы бойынша:

І дәрежелі дипломмен С.Сейфуллин атындағы гимназиясы марапатталады.

ІІ дәрежелі диплом - Абай атындағы №4 мектеп - лицейі;

ІІ дәрежелі диплом - Б. Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясы;

ІІІ дәрежелі диплом - Ы.Алтынсарин атындағы мектеп- лицейі;

ІІІ дәрежелі диплом - №16 жалпы білім беретін мектебі;
«Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаз Ы.Алтынсарин атындағы мектеп -лицейінің орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Курманова Алия Жасановнаға «Үздік педагог» атағы және куәлігін табысталды.
Жыл сайын үздік мұғалімдерге сыйлықтар табыстау дәстүрге айналып отыр. "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар, адал еңбегі және өзінің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы білім беру ұйымдарының педагогтеріне ынталандыру сыйақысы және диплом табысталды. «Жыл үздігі» ынталандыру сыйлығына жалпы 33 үміткер портфолио ұсынып, Нәтижесінде 9 номинация бойынша 17 номинант жеңімпаз атанды.
«Үздік пән мұғалімі» , «Ұлағатты ұстаз», «Үздік сынып жетекші», «Әдіскер- ұстаз» , «Үздік тәрбиеші» , «Өнерімен өнеге» , «Үздік ұйымдастырушы», «Тәлімгер- ұстаз», «Үздік жас маман» номинаттарына білім беру ұйымдарының үздік мұғалімдері ие болып, жеңімпаз атанды.
Салтанатты кеш соңы «Мың алғыс саған ұстазым!» әнімен аяқталды.
Салтанатты кеште «Жас мамандар ұраны» орындалып, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясы және С.Сейфуллин атындағы гимназиясының, Өнер мектебінің және Оқушылар сарайының оқушылары өнер көрсетті.