
«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ 2024 жылға мектепкедейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы Сәтбаев қаласы аумағында орналасқан Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарлайды.
Құжаттар конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру берілген 3 (үш) жұмыс күндері қабылданады. Қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары негізінде қабылданады.
Мектепке дейінгі мекемелердің басшы қолы қойылған мекеме мөрімен расталған құжаттары білім бөліміне: Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 111. 2023 жылдың 20 қараша мен 23 қараша аралығында сағат 17.00-ге дейін ұсынылады:
Конкурсқа қатысу туралы құжаттар 2023 жылдың 28 қараша күні сағат 17.00-де қаралатын болады: Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы 111 үй, 203 кабинет.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады;
8(71063) 33399.