«Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы туралы

«Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық  конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы туралы

«Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы туралы
Ұлытау облысы білім басқармасының 2023 жылдың 10 мамыры күнгі №517 хаты және «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 19 мамырындағы №94 бұйрығы негізінде «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының қалалық кезеңі 20 мамырдан 12 маусым аралығында өткізілді. Конкурстың мақсаты- педагогикалық ұжымның шығармашылық қызметін дамыту, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін көтеру, орта білім беру жүйесінде озық педагогикалық және басқару тәжірибесін тарату, инновациялық әзірлемелерді қолдау, білім беру жүйесінде инновацияны дамыту және білім беру саясатын жүзеге асыру мен қалыптастыруда қоғамның қатысуын күшейту. Әрбір сарапшы "Жалпы орта білім беру ұйымының қызметін бағалау бойынша сараптамалық қорытындыны" ресімдеді.
Сараптамалық комиссия отырысының шешімі бойынша жалпы орта білім беретін ұйым рейтингі негізінде жүлдегерлер бекітілді және жеңімпазға «Орта білім беретін үздік ұйым» атағы берілді. Байқаудың қорытындысы бойынша
І дәрежелі диплом- «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ
ІІ дәрежелі диплом- «Абай атындағы №4 мектеп- лицейі» КММ;
- «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясы» КММ
ІІІ дәрежелі диплом- «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп- лицейі» КММ;
- «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ марапатталды.
«Орта білім беретін үздік ұйым» атағының жеңімпазы «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ облыстық (екінші кезеңге) кезеңге жолдама алды.