
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына 2023 жылы 02 маусымда №157 бұйрығымен өзгерістер негізінде «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңі 10-27 шілде аралығында өткізілді. Конкурстың І кезеңінің нәтижесі бойынша Министрліктің ақпараттық жүйесіне қаламыздан 12 жұмыс тіркелді. Оның ішінде 5 педагог құжаттарын дұрыс жүктемегендіктен олардың жұмысы ашылмады және бағаланбады.
Өңірлік комиссиялардың мүшелері үш адамнан топтарға бөлінді. Конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттар (материалдар) іріктеу әдісімен топтар арасында бөлініп қаралды. Топ мүшелері өз тобына бөлінген конкурсқа қатысушылардың портфолиосын сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес бағалады. Өңірлік комиссияның шешімі бойынша 100 балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған конкурсқа қатысушы І кезеңнің жеңімпазы болды. Конкурстың І кезеңінің нәтижесі бойынша жеңімпаз ІІ кезеңге қатысуға жіберілді. Министрліктің ақпараттық жүйесіне тіркелген 7 педагогтің портфолиолары сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес бағаланды. Нәтижесінде мынадай қорытынды шығарылды:
1.Рахметова Серикуль Анихановна- №7 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі- 59,7 балл;
2. Бикмуллина Гульнара Рашитовна- С.Сейфуллин атындағы гимназиясының тарих пәні мұғалімі -62 балл;
3. Мухамеджан Куралай Алиевна - Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі-43,3 балл;
4. Курманова Алия Жасановна- Ы.Алтынсарин атындағы мектеп- лицейінің орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі-81 балл;
5. Казкенова Айнаш Айтореновна- Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі-40,3 балл;
6. Баянбекова Айнур Есенгельдина- Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі-37,7 балл;
7. Маденова Эльмира Кайратовна- Абай атындағы №4 мектеп- лицейінің бастауыш сынып мұғалімі-56,7 балл.
«Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен мына педагогке «Үздік педагог» атағы және куәлігі табыс етілді:
Курманова Алия Жасановна- Ы.Алтынсарин атындағы мектеп- лицейінің орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі.
«Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы ІІ кезеңге (облыстық) қатысуға жіберілді.