
«Мектепке дейінгі үздік ұйым» облыстық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы туралы
Ұлытау облысы білім басқармасының 2023 жылдың 10 мамыры күнгі №517 хаты және «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 19 мамырындағы №94 бұйрығы негізінде 20 мамырдан 12 маусым аралығында мектепке дейінгі білім берудің үздік үлгілерін анықтау және жариялау, мектепке дейінгі ұйымдардың, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжымдарын қолдау және ынталандыру мақсатында «Мектепке дейінгі үздік ұйым» қалалық байқауы өткізілді. Байқау комиссиясының мүшелері қатысушылардың ұсынылған материалдарын зерделеді, жеңімпаздарды анықтады. Сараптамалық комиссия отырысының шешімі бойынша «Үздік мектепке дейінгі ұйым» қалалық байқауының қорытындысы негізінде жүлдегерлер бекітілді және жеңімпазға «Мектепке дейінгі үздік ұйым» атағы берілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша
І дәрежелі диплом- «Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК;
ІІІ дәрежелі диплом «Балақай» бөбекжайы КМҚК марапатталды.
«Мектепке дейінгі үздік ұйым» атағының жеңімпазы «Нұрбөбек» бөбекжайы КМҚК облыстық кезеңге жолдама алды.