
📣📣📣 “Үздік педагог” республикалық конкурсының қалалық кезеңі 10-27 шілде аралығында өтетінін хабарлаймыз.
✅ «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 маусымы күнгі №157 бұйрығымен мынадай өзгерістер енгізілді:
✅Конкурстың I кезеңі ағымдағы жылғы 10-27 шілде аралығында өткізіледі, онда ІІ кезеңге қатысу үшін Конкурстық комиссия ұсынған аудан, қала деңгейінде Конкурс жеңімпаздары айқындалады.
✅Өңірлік комиссия шешімінің қорытындылары бойынша 100 (жүз) балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған 10-ға (он) дейінгі Конкурсқа қатысушы Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздары болады.
✅ІІ облыстық кезеңі тамыз айында, ал ІІІ республикалық кезеңі қыркүйек айында өтеді. Сондай-ақ, «Үздік педагог» конкурсына меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
📣Қаламыздың үздік педагогтерін осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.
✅
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032687#z4
✅Министрліктің ақпарат жүйесінде осы конкурсқа қатысу үшін мына https://teachercontest.iac.kz/ тіркелу сайт арқылы жүзеге асады. Қатысушылар өздерінің жеке ЭЦҚ (ЭЦП) лері арқылы сайтқа кіре алады.