27 сәуір күні Ұлытау облысы білім басқармасының, Ұлытау облысы әдістемелік кабинетінің және Сәтбаев қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Табысты мектеп- командалық жұмыс нәтижесі» тақырыбында Шабал Бейсенбекова атындағы ІІІ облыстық педагогикалық байқауы өтті. 2018 жылдан бастау алған бұл байқау облыстық деңгейде үшінші мәрте өткізілуде. Биыл ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, алғаш рет командалық форматта ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат: Ұлытау облысы мектептерінің өзара іс-тәжірибеалмасуы және оны тарату болатын.

№27 жалпы білім беретін мектебінде бағдарлама негізінде 5 панельдік алаңда жұмыс жүргізілді. Шабал Бейсенбекова оқуларына облыс бойынша 70 мектептен жұмыс кеп түскен. Іріктеуден өткен 38 мектеп 5 панельдік алаңда қорғады, 44 жұмыс жинаққа енгізіледі Алдын ала іріктелген жұмыстар нәтижесінде, әр алаңда жұмыстар қорғалып, сарапшылар тарапынан жеңімпаздар анықталды. Сөз Сәтбаев қаласының әкімі Әубәкіров Шапағат Момынбайұлына, Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы Төлекова Сапура Сейдуәліқызына, Сәтбаев қаласының білім бөлімінің басшысы Ақышбеков Берік Базылұлына, Аханов Жомарт Мұзарафұлына беріліп, панелдік алаңдарда жұмыстарын қорғаған мектеп командаларын марапаттады. Іс-шара «Шабал ұстаз- білімнің шамшырағы» атты №27 жалпы білім беретін мектебі ұстаздары мен оқушылары қойған әсерлі сахналық көрініспен жалғасын тапты.
І орын
Жезқазған қаласы, №26 гимназиясының командасы;
ІІ орын
Жезқазған қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі командасы;
Сәтбаев қаласы, С.Сейфуллин атындағы гимназиясының командасы;
ІІІ орын
Жезқазған қаласы, №8 гимназиясының командасы;
Жезқазған қаласы, №7 жалпы білім беретін мектеп командасы.
Грамота Қаражал қаласы, №7 жалпы білім беретін мектеп командасына, Ұлытау ауданы, М.Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебіне, Жаңаарқа ауданы, Б.Амалбеков атындағы мектеп командаларына берілді.
І орын
Жезқазған қаласы, Абай атындағы мемлекеттік мамандандырылған интернат командасы;
ІІ орын
Ұлытау ауданы, №1 Тірек мектебі командасы;
Сәтбаев қаласы, «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы командасы;
ІІІ орын
Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек жалпы білім беретін мектебі командасы;
Жезқазған қаласы, №9 мектеп- интернаты командасы;
Грамота Жаңаарқа ауданы, О.Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп командасы Жезқазған қаласы, №13 жалпы білім беретін мектеп командаларына берілді.
І орын
Ұлытау ауданы, №17 жалпы білім беретін мектебі командасы;
ІІ орын
Ұлытау ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебі командасы;
Жаңаарқа ауданы, Ақтау жалпы білім беретін мектебі командасы;
ІІІ орын
Сәтбаев қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі командасы;
Сәтбаев қаласы, №27 жалпы білім беретін командасы;
Грамота Сәтбаев қаласы, №5 жалпы білім беретін мектебі командасы мен Жаңарқа ауданы, Қызылжар жалпы білім беретін мектебі командаларына берілді.
4- панельлік алаң: «Білім берудегі инклюзия: мектепте инклюзивті ортаны қалыптастыру»
І орын
Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін мектебі командасы;
ІІ орын
Жезқазған қаласы, №3 жалпы білім беретін мектебі командасы;
Сәтбаев қаласы, №7 жалпы білім беретін командасы;
ІІІ орын
Жаңаарқа ауданы, Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі командасы;
Сәтбаев қаласы, №25 жалпы білім беретін мектебі командасы;
Грамота Қаражал қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі мен Сәтбаев қаласы №14 жалпы білім беретін мектебі командаларына берілді.
І орын
Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп лицейі командасы;
ІІ орын
Сәтбаев қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицей командасы;
Сәтбаев қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебі командасы;
ІІІ орын
Сәтбаев қаласы, №3 жалпы білім беретін мектебі командасы;
Жезқазған қаласы, №11 жалпы білім беретін мектебі командасы;
Грамота Жаңаарқа ауданы, № 1 мектеп – лицейі командасы мен Жезқазған қаласы, Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі командаларына берілді.