1-сыныпқа құжаттар қабылдау

1-сыныпқа құжаттар қабылдау

Қадірменді ата-аналар!

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ 3 сәуір мен 1 тамыз аралығында 1-сыныпқа құжаттар қабылдау  жүргізілетінін хабарлайды.

                                                  

 

          Құжаттар www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және мектептердің кеңсесі арқылы қабылданатын болады..

 

Ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа ата - анасының немесе заңды өкілінің (сот шешімі, сенімхат негізінде) өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданатын болады.

Мектепке алдымен мектептің аумағына қарасты мекенжайда тұратын 3 бала, содан кейін бекітілген аумақтан тыс мекенжайда тұратын 1 бала қабылданады (3+1).

 

1-сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:

  • № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;
  • 026/у-3 баланың денсаулық паспорты;
  • екі дана 3х4 фотосурет.

 

Өтініш және құжаттар жұмыс күндері сағат 9.00-18.30 (түскі үзіліс 13.00-14.30) аралығында қабылданады.

 

Тек гимназияларда 1-сыныпқа қабылдау емтихан арқылы жүргізіледі.  Емтихандар гимназия директоры бекіткен кестеге сәйкес өтетін болады.