«Үздік педагог» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына 2022 жылы 9 тамызда №355 бұйрығымен өзгерістер енгізілді. «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңі 14-26 қыркүйек аралығында өткізілді. Министрліктің ақпараттық жүйесіне қаламыздан 15 жұмыс тіркелді. Өңірлік комиссияның шешімі бойынша ең көп балл жинаған педагогтер іріктілді. Конкурстың І кезеңінің нәтижесі бойынша жеңімпаздар ІІ кезеңге қатысуға жіберілді.
«Жұлдызы жарқыраған мұғалім» тақырыбында өткен ұстаздар күніне арналған қалалық мерекелік ісшарада мына педагогтерге «Үздік педагог» атағы берілді және куәлігі табыс етілді:
Баяхметова Гулсим Жасановна-Абай атындағы №4мектеп -лицейінің орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
Калмыкеева Бакыткул Жетписбаевна- Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің математика пән мұғалімі;
Ульянова Виктория Анатольевна-С.Сейфуллин атындағы гимназияның орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
Кенжегозина Света Балғабаевна-Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі.
Құттықтаймыз!!!